Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру



Дата28.09.2019
өлшемі22,45 Kb.
#48927
Байланысты:
үйірме 2в поэзия
үйірме 2в поэзия, sf14 ekolog 104
Түсінік хат

Білім беру жүйесінің талаптары бойынша бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу пәнін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.

Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 2 сыныптарына арналған. Бағдарлама 34 сағатқа жасалған. Апталық жүктеме – 1 сағат.

Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.

Мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;

Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру; Оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;

Лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.


Міндеті:

оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;

 бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;

 зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

 жазушы шеберлігіне көз жеткізу;

 әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;

 оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғынуын,сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Өзектілігі:

Қазақ әдебиетінің жыр әлемін,өмір шындығын көркем тілде шеберлікпен жырға қосып жүрген асқан таланытты,көркем сөз шеберлерінің поэзия әлеміне ену.

Бастауыш сынып оқушыларының балалар әдебиетін, ақындар поэзиясын тереңірек оқуын жан-жақты қалыптастыру. 6

Оқушыларға қойылатын талаптар:

-Поэзия тілі өркендеген мәдениет тілі,ғылым тілі екендігін ұғыну;

-Көркем шығарманы оқығандағы мақсатының айқын болуын білу;

-Көркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына,екпініне қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, көңіл-күйін дәл бейнелей алуының қажеттілігін түсіну;

-Оқыған шығармаларына, ондағы кейіпкерлерге өзінше баға беру;

Күтілетін нәтижелер:

 Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;

 Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады.

 Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады;


Күнтізбелік тақырыптық жоспар



Тақырыбы

Сағат саны

 Мерзімі

І тоқсан

1

Сөз сырына үңілсем...

1




2

Абай Құнанбаевтың өлеңдері

1




3

Адамзаттың Абайы

1




4

Абайдың қара сөздері

1




5

Абай әндерін білесің бе?

1




6

М.Мақатаевтың «Үш бақытым»

1




7

Ы.Алтынсариннің «Өзен»







8

«Өлең сөздің патшасы» (мәнерлеп оқу сайысы)

1







9

Шешендік сөздер

1




10

Билердің сөзі- ақылдың көзі.

1




11

Абай өлеңдерінің сыры

1




12

Шығармадан үзінді оқуға үйрету.

1




13

Сырбай Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін» шығармасын мәнерлеп оқу.

1




14

Тәуелсіздікке байланысты өлеңдер оқу, жаттау.

1




15

Ғ.Мүсіреповтың «Ана» шығармасынан үзінді оқу.

1




16

Мәнерлеп оқу сайысы.

1







17

Жұмбақтар жинақтау, жаттау.

1




18

Мақал-мәтелдер жаттау.

1




19

Төрт түлікке байланысты жырлар жаттау, оқу.

1




20

Ертегілер еліне саяхат. Ертегілер оқуға үйрету.

1




21-22

Аңыз әңгімелер оқуға үйрету.

2




23

Абайдың табиғат туралы өлеңдерін оқу, жаттау.

1




24

Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін оқу, жаттау.

1




25

С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқу, жаттау.

1




26

Мәнерлеп оқу сайысы.

1







27

Драмалық шығармалардан үзінді оқуға үйрету.

1




28-29

Жеңіс күніне байланысты өлеңдер жаттау.

2




30

«Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды!» эссе жазу.

1




31

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




32

Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу.

1




33-34

Қорытынды.

1




Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «Жыл он екі ай» - Алматы, 2007-2009 ж.

  2. Әдебиеттік оқу хрестоматиясы.

  3. «Мөлдір бұлақ» журналы.

  4. Интернет материалдары.

  5. «Балдырған» журналы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет