Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанға -25 жыл» Сабақтың мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі28,61 Kb.
#45934
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанға -25 жыл»
Сабақтың мақсаты:Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен 
табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.
Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың,

Көк туың қыдырың»,

«Туған жер-алтын бесігің».

«Отан үшін күрес-ерге тиген үлес»


Барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезең.


Мемлекеттік гимн орындалады.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
А)Қызығушылығын ояту.
-Біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Басымыздан құт-береке қашпасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан еді?
-Қаз дауысты Қазбек би
Ә)Мағынаны тану.
Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр.
16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.
Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.

Жүргізуші:І ж:   1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

ІІ ж:   1836-1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс.

І ж:    1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

ІІ ж:    1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

І ж:    1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

ІІ ж:    1936-1938 жылдар репрессия кезеңі.

І ж:    1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы.

ІІ ж:    1986 жылы Желтоқсан оқиғасы.

1-оқушы:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.


2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
3-оқушы:1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.
4-оқушы:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
5-оқушы:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.
6-оқушы:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа гимн елтаңбасы,туы қабылданды.
7-оқушы:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
8-оқушы:1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
9-оқушы:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
10-оқушы:2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.
11-оқушы:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
12-оқушы:2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
13-оқушы:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
1-оқушы:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.
2-оқушы:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.

1-оқушы: 2011 жыл - 15 маусымда Астанада ШЫҰ құрылғанына 10 жыл толуына орай мерейтойлық саммит өтті.

2-оқушы: 2012 жыл - 1 желтоқсан күні  Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы. Көрмені өткізу құқығы үшін Қазақстан бельгиялық Льеж қаласымен бәсекеге түсіп, сенімді түрде жеңіп шықты.

1 оқушы: 2013 жыл-«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

2-оқушы:2014 жыл- «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді. 

1-оқушы:2015 жыл1-оқушы:2015 жыл- Қазақ хандығына 550 жыл, Қазақстан халықтарының ассамблеясына 20 жыл

2-оқушы: 2016 жыл Тәуелсіздікке 25 жыл

1 – оқушы:2016 жыл-

1-оқушы:2016 жыл
Ой-толғаныс.
Оқушылар өз шығармашылықтарынан өз өлең-жырларын оқиды
Арнаның шығармашылығынан:
Отаным-жүрегім сен,
Күш алам өзіңнен мен.
Жаралғам топырағыңнан
Нәр алғам бұлағыңнан
Сен үшін күресемін,
Аялап құшақтасып
Өтермін өзіңменен
Еркебұлан шығармашылығынан:Әнұраным-айбыным,
Қымбатсың маған
Бар шыным.
Естігенде жүрегім
Тебіренер бұлқынып.
Шырқалшы әнім
Мәңгілік !
Туған жер,отан туралы мақал-мәтелдер айтып талқылау.
«Отанды сүю от басынан басталады» «Туған жер тұғырың» «Отан оттан да ыстық»т.б.
Тәрбие сағатын қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.
Еліміздің Егемендігі жасай берсін!

Тәуелсіздік тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. 


Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз. 
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді. 
Н. Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды. 
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады. 
Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар. 
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды. 
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды). 
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті. 
1993 жыл. 
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. 
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді 
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 
Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті. 
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды. 
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. 
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды. 
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді. 
 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар. 
 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады 
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсау кесері болып өтті. 
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды. 
2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды. 
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды. 
2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес. Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған. 
2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. 
2003 жылы Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды. 
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді. 
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды. 
 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр. 
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды. 
 2006 жылдың 1 қыркүйегінде ашылған пирамида үлгісіндегі Бейбітшілік және келісім Сарайы — Астананың ең үлкен мақтаныштары қатарындағы ғимарат. 
2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті. 
 2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр. 
2010 жыл. 
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады. 
Астана қаласында мемлекет тарихында тұңғыш рет Орта Азия елдерінің басшыларының қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Тіпті, өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы. 
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына. 

2011 жыл


2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Сайлаудың кезекті тыс өтуіне себеп болған – ҚР Парламентінің референдум ұйымдастырып, сол арқылы Президенттік уақытт одан әрі ұзарту туралы ұсынысы. Президент Н.Назарбаев бұл ұсыныстан бас тартып, сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.

2012 жыл


15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.

2013 жыл


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды. Бірігуге дейін елімізде 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеп, олардағы жалпы жинақ көлемі 3,116 триллион теңгені (21 миллиард доллар) құрады және 8,5 миллион клиенттің есепшоты ашылды (жұмысқа қабілетті адамдардың 95 %).

2014 жыл- 2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді.



2015 жыл- Ұлы Жеңістің 70 жыл, Абай Құнанбаевқа 170 жыл

  • 2016 жыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

  • Алғашқы қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл

  • Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл

  • 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы

  • КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі Әлібек Дінішевтің туғанына 65 жыл

  • Қазақ домбырашысы Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 70 жыл

  • Ақын Күләш Ахметованың 70 жылдығы

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының ашылғанына 70 жыл

  • Қазақ жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 80 жыл

  • Қазақ ақыны, ҚР қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің туғанына 80 жыл

  • Қазақ жазушысы Медеу Сәрсекеевтің 80 жылдығы

  • Театрлық актер, ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты, ҚР халық әртисі Сәбит Оразбаевтың туғанына 80 жыл

  • Қазақ жазушысы Саин Мұратбековтың туғанына 80 жыл

  • Қазақ ақыны Қастек Баянбаевтың туғанына 80 жыл

  • Қазақ ақыны, журналист Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл

  • Қарағанды облысында Долинка ауылында 85 бұрын Қарағанды еңбекпен түзету лагері Карлаг (1931 ж.) ұйымдастырылған

  • Атақты тарихшы Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл

  • ҚР Халық артисі Ермек Серкебаевтың 90 жылдығы

  • Балалар жазушысы Әдібай Таубалдиевтің 90 жылдығы

  • М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының ашылғанына 90 жыл

  • Қазақ ақыны, драматург, әйгілі өлендердің авторы Бәкір Тәжібаевтың туғанына 90 жыл

  • Ертегіші-жазушы және журналист Құрманбай Толыбаевтың туғанына 90 жыл

  • Әнші, композитор, Қаз.ССР халық әртісі Дәнеш Рақышевтың туғанына 90 жыл

  • Сырнайшы, педагог, ҚазССР-ң еңбек сіңірген өнер қайраткері Қабидолла Тастановтың туғанына 90 жыл

  • Белгілі әдебиеттанушы, журналист, филология ғылымдарының докторы Темірбек Қожабекович Қожакеевтің туғанына 90 жыл

  • ҚазССР халық әртісі, қобызшы Фатима Жұмағуловна Балғаеваның туғанына 90 жыл

  • Қазақстанның халық суретшісі, график, өрнекшісі, Саха Романовтың туғанына 90 жыл

  • Кинорежиссер, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдулла Қарсақбаевтың туғанына 90 жыл

  • «Лениншіл жас», қазір «Жас Алаш» газетінің бірінші нөмірі шыққанына 95 жыл

  • Ақын, драматург Ғабдулқауым Мұхамедхановтың 100 жылдығы

  • Ақын Әмина Шалабаеваның 100 жылдығы  

  • Кинорежиссер, қазақстанның халық әртісі Ораз Әбішевтің туғанына 100 жыл

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы

  • Публицист Баубек Бұлқышевтің 100 жылдығы

  • Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы

  • Қазақстанның халық әртісі, әнші, режиссер Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығы

  • Ақын, халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығы

  • Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары – Мүсілім мен Ришат Абдуллиндердің 100 жылдығы

  • Қазақ актрисасы, ҚазССР халық әртісі Айша Әбдуллинаның туғанына 100 жыл

  • Қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл

  • Шопан, Социалистік Еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына  115 жыл

  • Композитор, педагог, ҚазССР халық әртісі Латиф Хамидиның туғанына 110 жыл

  • Қазақ жазушысы Айтбай Хангелдиннің туғанына 110 жыл

  • ҚР халық әртісі, әнші Нұғман Әбішевтің туғанына 110 жыл

  • Қазақ композиторы, Қаз.ССР халық әртісі, дирижер Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл

  • Қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мариям Хәкімжанованың туғанына 110 жыл

  • Ақын Нұғыман Молыбаевтың туғанына 110 жылдығы

  • Қазақ ақыны, жазушы, драматург Мәжіт Дәулетбаев туғанына 110 жыл

  • Ғажайып қазақ әншісі Манарбек Ержановтың туғанына 115 жылдығы

  • Қазақ қоғам қайраткері, күйші Ғабдолхаким Бөкейхановтың туғанына 120 жыл

  • Қазақтың атақты лингвист , қазақ тілін оқыту әдістемесі негізін қалаушылардың бірі Сейтіл Жиенбаевтың туғанына 120 жыл

  • Қазақстандық жазушы-натуралист Максим Дмитриевич Зверевтің туғанына 120 жыл

  • ҚазССР халық әртісі, Серке Қожамқұловтың туғанына 120 жыл

  • Халық ақыны Қазанғап Байболұлының 125 жылдығы

  • Күріш атасы, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы

  • Қоғам қайраткері, қазақ халқынан шыққан тұңғыш магистрі Жақып Ақбаевтың туғанына 140 жыл

  • Ақын, аудармашы Тұрағұл Ибрагимовтың туғанына 140 жыл

  • Аты аңызға айналған қазақ балуаны Қажымұқан Мұнайпасовтың туғанына 145 жыл

  • Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы

  • Ақын Ақылбай Құнанбаевтың 155 жылдығы

  •  Қаз.ССР халық әртисі, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 155 жыл

  • Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске160 жыл

  • Қазақ халық ақыны Әріп (Мұхамедғарып) Тәңірбергеновтың туғанына 160 жыл

  • Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығы

  • Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығы

  • Ақын, жырау Қашаған Күржіманұлының 175 жылдығы

  • Сазгер Мұхит Мералыұлының 175 жылдығы

  • Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліске 180 жыл

  • Ақын Құлмамбеттің туғанына 190 жыл

  • Ақын әрі сазгер Қалнияз Шопықұлының 200 жылдығы

  • Қазақ ақыны Шернияз Жарылғасұлы туған 210 жыл

  • Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл

  • Исатай Тайманұлының 225 жылдығы

  • Мемлекеттік қайраткер Абылай ханның (Әбілмансұр) туғанына 305 жыл

  • Қазақ батыры Наурызбай Кұттымбетұлының 310 жылдығы

  • Қазақ ақыны, дастаншы, абызшы, қобызшы Үмбетей Тлеуұлы туғанына 310 жыл 


Мұғалімнің қорытынды сөзі


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет