Тақырыбы: "Үш тілді меңгеру - кемел келешектің кепілі"
Мақсаты:
Студенттердің сөз байлығын, шешендіктері мен тапқырлықтарын дамыту;
Студенттерге қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын таныту, үлгі алуға баулу;
Елбасымыздың «Үштұғырлы тіл» саясатын насихаттау.
Эпиграф:
«Тіл қасиетті, қасиетті де киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да өміршең күй кеше береді»
Өтілу барысы: интеллектуалды — сайыс
Көрнекіліктер: слайд – суреттер, тіл мерекесі туралы жазылған қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жүргізушінің кіріспе сөзі
ІІI. Негізгі бөлім
IV. Қорытынды
"Үш тілді меңгеру - кемел келешектің кепілі"
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер!
Бүгінгі “ Үштұғырлы тілдің болашағы жарқын” атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Ана тілім -ардақтым қасиетім,
Ана тілім -құдірет бас иетін.
Ана тілін сақтайық, көтерейік,
Ата -баба аманат өсиетін...
Good day dear guests and students. Welcome to our party. I’m glad to see you at our competition, which will be help in the form of competition between our students. I’ m sure you will demonstrate what you know about three languages.
Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!
Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысып отырған сайыскерлерімізбен таныс болайық:
“Достар” және “Тілмар” топтары.
Байқау кезеңдері:
Таныстыру
Аламан бәйге
Полиглот
Ең үздік аудармашы
Менің пікірім
Ендігі кезекте біздің байқауымыздың бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныс болайық:
Жантелиева Л.О. - директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Асжанова М.А. - ЦӘК төрайымы
Кембаева Ғ.Ө. - әдіскер
Асанов Р.Н. - орыс тілі пәнінің оқытушысы
Сатекова Ұ.Н.- ағылшын тілі пәнінің оқытушысы
Жүргізуші: Ал енді, сайысымызды бастайық:
І бөлім – «Таныстыру»
Бағалау – 10 ұпай
“Достар ”: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
“Тілмар”: Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
ІІ бөлім - «Аламан бәйге»
Бағалау – 10 ұпай
Алғашқы «Қазақ хрестоматиясының» авторы? (Ы.Алтынсарин)
Give the translation of this word «Railway»? (теміржол) 3. Кому, чему? Қай падеждің сұрағы? (Д.п.)
4. When was born Abai Kunanbaev? (1845 ж.)
5.«Абай жолы» роман-эпопеясының авторы? (М.Әуезов)
6.Части речи, обозначающая предмет? (Существительное )
7. Орыс алфавитінде неше әріп? (33)
Give the translation of this word «knowledge» (Білім)
9. Орыс тіліндегі тұрлаусыз мүшелері (Определ.,дополн.,обстоят.)
10. Антоним қандай сөздер? (мағынасы қарама-қарсы)
11. А.Құнанбаев кімнің мысалдарын аударған? (И.Крылов)
Give the translation of this word « Parents» (ата—ана)
13. Слово «белый» по отношению к слову «черный» (Антоним )
14.Give the translation of this word «Friend» (дос, друг)
15.Тұрмыс—салт жырлары қандай әдебиетке жатады? (ауыз әдебиеті)
16. Неопределенная форма глагола? (Инфинитив )
IІІ бөлім — «Полиглот»
(Түсіп қалған сөздің қазақша, орысша, ағылшынша нұсқасын табу).
Бағалау – 10 ұпай
Ақылдың көркі – тіл, тілдің көркі — …
(сөз,слово, word) 2. Тәрбие басы — …
(тіл, язык, language)
3. Асыл сөзді іздесең,
Абайды … ерінбе.
(оқы,читай, read)
4. Туған тіліне жаны ашымаған … – жәндік.
(адам, человек, people)
5. Кто рано встает, тому … дает
(бог, құдай, god)
Жүз теңгең болғанша, жүз …. болсын
(достар, friends, друзей)
Чистота залог – ….
(здоровье, денсаулық, health)
….. – таумен кездеспейді, адам адаммен кездеседі
(Тау, гора, mountain)
Птицу узнают в полете, а человека в …..
(жұмыс, работа, work)
Жылтырағанның бәрі ….. емес.
(алтын, золото, gold)
Без муки нет …..
(науки, ғылым, science)
…… қадірін ауырғанда білесің
(Денсаулық, здоровье, health)
Цыплят по …..считают
(осень, күз, autumn)
….. сүйектен өтеді
(Сөз, слово, word)
У Лукоморье дуб зеленый, златая цепь на дубе том.
И днем и …. кот ученый все ходит по цепи кругом. (ночь, түн, night)
Жүргізуші:
ІV бөлім - «Ең үздік аудармашы» «Лучший переводчик» «The best interpreter»
(қатысушы берілген мақал-мәтелдерді қазақ тіліне аударуы керек)
Бағалау – 10 ұпай
1) Язык мой – враг мой;
2) Like mother, like daughter
3) Не имей 100 рублей, а имей 100 друзей;
4) Старый друг лучше новых двух;
5) Труд человека кормит, а лень портит;
6) Не торопись языком, торопись делом;
7) Better late than never
8) Век живи – век учись
Ал енді, келесі бөліміміз “Менің пікірім” мұнда топтық жұмыс болады “Достар ” тобы қазақша және де ағылшын тілінде колледж туралы 5-6 сөйлем жазады, ал "Тілмар" тобы орысша және де ағылшын тілінде колледж туралы 5-6 сөйлем жазады.
Жүргізуші: Сайыскерлеріміз келесі кезеңге дайындалғанша ортада Сатыбалды Гүлнұр "Қазақ тілі" (М.Жұмабаев)
В нашей Республике Казахстан люди говорят более чем на ста языках. Знание русского и английского языков помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши участники покажут своё мастерство владения этими языками
V бөлім - «Менің пікірім» «My opinion»
Колледж туралы әңгіме (қатысушы колледж туралы қазақша, орысша және ағылшынша әңгімелеп беруі тиіс).
Рассказ о своем колледже ( участники должны на казахском, на русском и на английском рассказать о своем колледже).
Бағалау 50 ұпай
Жүргізуші:
Әділ-қазы алқасы ұпай санын есептеп болғанша Сатыбалды Гүлнұрдың орындауында "Қазақ тілі" өлеңі.
Пока жюри подводит итоги, подсчитывает баллы, предлагаем музыкальный номер (Тілеке Айсұлу "Ай қара көз").
Жеңімпаздарды марапаттау және қортындылау:
Подведение итогов и награждение победителей:
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында “Үш тұғырлы тілді білу -
баянды болашақтың кепілі” деген болатын , сондықтан ана тіліміздің
абыройын асырып, мәртебесін үш тілде дамытайық, достар!
Үш тұғырлы тілдің тұғыры берік, іргесі мықты болсын деген тілекпен
сайысымызды аяқтаймыз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Барлығыңызға рахмет.
Қош сау болыңыздар!
До скорых встреч!
Dear guests and students our competition is over. Good bye!
Достарыңызбен бөлісу: |