Клиникалық бағыттар
27
дегенерацияға байланысты, бұл кезде
психикалық аурулар тұқым куалаушылық
және сыртқы факторлардың эсер етуімен
дамиды, оның ерекше даму сатылары бо
лады. Бірінші буында тұқым қуалаушылық
бейімділік ж әне қолайсыз факторлар,
оның ойы бойынша, жеңіл психикалық
бұзылыстар мен жүріс-тұрыс бұзылыс-
тарына әкеледі, кейінгі ұрпақтарында
психикалық бұзылыстар ауырлап, ақыл
кемістігімен, салданумен аяқталады.
Ж. Эскироль идеясы психикалық ауру-
лардың дамуында бейімділік пен ықпал
етуші факторларды айқындап берді. Бұл
идея басқа да көптеген психиатрлардың
еңбектерінде орын алды. Француз психи
атры Байлем
1822 ж. үдемелі салдануды ашты. Бұл
психиатрияда психиатрияның өзге де
м едициналық пәндермен біртектілігін
дәлелдейтін бір маңызды оқиға ретінде
қабылданды. Клиникалық психиатриядағы келесі маңызды жаңалық С.С. Кор-
саковтың полиневриттік алкогольді психозды ашуы болды, ол кейіннен Кор
саков психозы деген атауға ие болды.
Ауруды этилогиялық факторлары мен клиникалық ерекшеліктерін ескере
отырып сипаттау психиатрияның басқа да медициналық мамандықтармен
методологиялық бірлестігін ж әне клиникалы қ бағытының болашағы зор
екендігін дәлелдеді. Клиника ерекшелігіне және психикалық аурудың салда-
рына сүйене отырып, Э. Крепелин оның жүйесін құрды. Батыс елдері психи-
атрлары идеалистік және дуалистік көзқарасты ұстанды. Өткен жүзжьілдықгың
екінші жартысында өмір сүрген әлемге белгілі неміс психиатры В. Гризингер
механикалық және электрлік үрдістердің психикалық үрдіске айналуы мәселесін
шешілмейтін мәселе деп тапты. Өткен ғасырдың екінші жартысында орыс
психиатрларының ішінде психикалық бұзылыстардың шығу тегіне материалистік
көзқарас кең таралды. П.П. Малиновский (1843) «Помешательство как оно
является врачу в практике» кітабында психикалық бұзылыстар мидың тікелей
немесе жанама зақымдануы нәтижесінде болатынын айтты. И.П. Мержеевскийдің
«Соматические исследования неистовых больных» деген кітабы шықты.
В.Х. Кандинскийдің псевдогаллюцинацияларды психопатологиялық тараптан
зерттеуі бүкіл әлемге әйгілі болды. Мәскеулік психиатрия мектебінің негізін
қалауш ы С.С. К орсаков психикалы қ бұзылыстардың шығу табиғатын
материалистік тұрғыдан түсіндірді.
Клиникалы қ психиатрияның дамуында теориялық ж әне практикалы қ
тұрғыдан
Достарыңызбен бөлісу: