Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет62/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЕС БҰЗЫ ЛЫ СЫ
Ес латын тілінде 
mnesis,
сондықтан ес үрдісі — мнестикалық деген атауға ие.
Ес
— бұл ақпаратты бекіту, сақтау ж әне өткен ш ақ тәжірибесін қайта 
жаңғыртудан тұратын психикалық үрдіс. Оның ауытқуы мнестикалық үрдістің 
осы аталған үш буынының кез келгеніне қатысты болуы мүмкін.
М нестикалық үрдіс негізінде шартты рефлекстік қызмет жатыр. Шартты 
рефлекс тәрізді барлық дағдылар немесе ассоциациялар адамның өмір сүру 
үрдісінде түзілген байланыс болып табылады. Шартты рефлекс — түрлік түсінік, 
ал ассоциация — тектік түсінік. Шартты рефлекторлы қызмет бағынатын заңды 
ескере отырып, мнестикалық үрдіске ж әне оның бұзылыстарына қатысты 
көптеген заңдылықтарды түсінуге болады.
Жоғарғы жүйке жүйесінің заңдарына сәйкес шартты рефлекс неғұрлым 
жиірек бекітілсе, соғұрлым мықты болады. Осылай мнестикалық қызмет 
жөнінде де айтуға болады, ассоциациялар көп қайталану нәтижесінде бекітілген


124
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
болса, ұмытылуы оңай болмайды. Мұнымен естің дөрекі бұзылыстары кезіндегі 
патология жағдайында кәсіби дағдылар мен білім ұзақ мерзімге дейін сақталып 
қалады. Есте сақтаудың мығымдығына қажет 
бірінші жағдай
ақпаратты 
жеткілікті мөлшерде қайталау болып табылады.
Ес бұзылуының маңызын медицина қызметкерлері арасында да әрқашан 
дұрыс түсіне бермейді. Галлюцинация, сандырақ, жүріс-тұрыс бұзылысымен 
науқастар жағдайын, олардың барлық жайтты жақсы есте сақтауы негізінде 
психикалық сау адам деп санайды. Қажу жағдайымен, тұмаудан кейін, отадан 
кейін, сомотогенді астенизация кездесетін оқушылар мен студенттердің барлығы 
дерлік невропатологқа және психиатрға келгенде, есте сақтаудың нашарлауы- 
на шағымданады. Осылайша, үй тапсырмасына бұрынғыдан көп уақыт 
жұмсалып, тиімділігі төмендейді. Есті объективті зерттеу кезінде ешқандай 
өзгеріс байқалмайды. Көзделген сұрастыру мен зерттеулер назарды ң 
бұзылғандығын, ал есте сақтау бұзылысы 2-ші реттік екендігін көрсетеді. 
Белсенді зейін жетпіспеушілігіне байланысты мұндай адам оқығанда көп 
алаңдайды, ойы басқа ж аққа ауады, м әтіннің мазмұнын ойланбастан, 
механикалық түрде көзімен шолып өтеді. Мұндайда ақпарат саналы түрде 
қабылданбайды, сондықтан санада із қалдырмайды. Осылайша, есте сақтау 
үшін маңызды болып табылатын 
екінші жағдай,
ол — зейіннің жеткілікті 
белсенділігі болып табылады. Арнайы көріністегі мәтін (жуан шрифтімен, 
курсивпен, асты сызылған, шеңберге алынған) зейінді өзіне бірден аударып, 
есте жақсы сақталады.
Өте мықты білім адамның мақсатты қызметімен байланысты болады. Бұл — 
үшінші жағдай.
Көпш ілік жағдайда өз сағатындағы 6 саны қандай түрде 
жазылғанын адамдар айта алмайды, өйткені, біз жиі сағатымызға басқа 
мақсатпен қараймыз, сондықтан сағаттың көркемдік бөлшектері біздің наза- 
рымыздан тыс болады.
Төртінші жағдай —
ақпараттың энергетикалық бекітілуі. Эмоциялық реак­
ция пайда болуымен байланысты қабылданатын ақпарат жақсырақ бекітіледі. 
Ауруда есте сақтаудың дөрекі бұзылысы байқалғанымен, кейде аффективті 
маңыздылығы жоғары, әсіресе, жағымды естеліктер үзіндісі есте сақталып 
қалады. Клиникалық тәжірибеде ауыр теріс эмоциялы қ реакция тудырған 
жағдайлардың естен жоғалу жағдайы кездескен. Мысалы, жалғыз баласының 
өлімін басынан кешкен ана кенеттен болған жағдайларды ұмытып, баласының 
демалыстан үйіне қайтуына дайындалып немесе оған жаңа оқу жылына кітап 
сатып алып, үй шаруасымен айналысып жүреді. Өткен жайттың естен шықпағаны 
гипноздық ұйқы жағдайында анықталады немесе ол спонтанды түрде пайда 
болуы мүмкін (мысалы, түс көруге байланысты).
Дертті жағдайға байланысты мнестикалық актілер жан-жақты бұзылады — 
ақпаратты бекіту, оны сақтау немесе қайта жаңғырту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет