160
IX Тарау. Негізгі психопатологиялық синдромдар
детализацияға бейімділікпен тұлға ерекшеліктері ыкпал етеді. Мазмұны жағынан
бұл — жанжалшылдык, шығармашылдык, кызғаныш, соңына түсу сандырағы.
Паранойяльды синдром шизофрениялык сандырактың бастапкы сатысы
болуы мүмкін. Бұл сатыда галлюцинация және псевдогаллюцинация болмайды,
психикалык автоматизм кұбылысы жок. Паранойяльды
синдроммен пара-
нойяльды психопатияның және алкогольді параноидтың психопатологиялык
симптоматикасы толыкталады.
Галлюцинаторлы—параноидты синдромдар
— өзара органикалык байланысты
галлюцинаторлы және сандырактык бұзылыстар әр түрлі аракатынаста көрінетін
синдромдар. Егер галлюцинация басым болса, галлюцинаторлы синдром деп,
сандырак идеясы басым болса, параноидты деп атайды.
Параноидты синдром
деп сандырак дамуының параноидты сатысы да ата
лады. Бұл сатыда бұрын паранойяльды сандыракка сәйкес келген кате пікірлер
жүйесі сакталуы мүмкін, бірак оның ыдырау белгілері табылады: жүріс-тұры-
сында оғаштык, сандырак мазмұнының басым аффектіге және галлюцина-
цияға (псевдогаллюцинацияларға) тәуелділігі,
олар да параноидты сатыда
пайда болады.
Кандинский—Клерамбо психикалыц автоматизм синдромы
галлюцинаторлы-
параноидты синдромның жеке жағдайы болып табылады ж әне псевдогаллю-
цинациялар, психикалык актілердің бөтендену кұбылысы —
автоматизмдер
және әсер ету сандырағы косылады. Қабылдау бұзылысы шеңберіндегі наукас,
олардың еріктен тыс пайда болатындығы на, ж асанды лы ғы на сенімді.
Автоматизмнің мәні осында. Автоматизм идеаторлы, сенсорлы немесе мотор-
лы болып бөлінеді. Наукас өз ойларын баска біреулер баскарады, оларды
параллельді етеді (кабаттастырады), олармен ойы аркылы ұрсысуға мәжбүрлейді,
оның басына баска ойларды салады,
ойларды басынаң алады, окиды деп
есептейді. Бұл жағдайды
идеаторлы автоматизм
деп айтамыз. Бұл автоматизм
түріне псевдогаллюцинациялар жатады.
Сенсорлық автоматизмге
сезімдік
таным бұзылысы жатады ж әне наукастың сезім (немкұрайлылык, әлсіздік,
ыза, үрей сезімін «тудырады») ж әне түйсіктің (дененің әртүрлі бөліктерінде
ауру сезімін,
электр тоғы жолдары сезімін, күйдіру, дызыл «тудырады»)
жасандылығы жөнінде айтуларымен сәйкес келеді.
Моторлы автоматизм
дамуында наукаста өз кимылдары мен кызметтерін баскаруды жоғалткандығына
сенім туады: бетінде еріксіз күлкі пайда болады, аяк-колдары еріксіз козғалады,
күрделі кимылдар жасалады, мысалы, суицидальды актілер.
Созылмалы және жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдарды бөледі.
Созылмалы галлюцинаторлы-параноидты синдром
бірте-бірте күрделенеді,
алғашкы симптоматикасы жаңалана түседі, күрделі психикалык автоматизм
синдромы түзіледі.
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромдар
емдеу әсерінен редуцирленеді
және баска психопатологиялык синдромға жылдам ауысады. Синдром ауысканда
бұрынғы психопатологиялык симптоматика жойылып, орнына жаңасы келеді.
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдромның кұрылымында жедел сезімдік
сандырак, коршаған ортаны сандырактык кабылдау, саскалактау немесе канык
Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
161
аффект көрінеді; Кандинский—Клерамбо синдромы толык жетіліп үлгермейді
(оның кейбір элементтері байкалады).
Жедел галлюцинаторлы-параноидты синдром жиі жедел парафрения және
онейроидты жағдай дамуының бір сатысы бола алады. Галлюцинаторлы-пара-
ноидты синдром маниакальды депресивті психоздан баска барлык психоздар
кезінде диагностикалануы мүмкін.
Парафренді синдром
— фантастикалык сандырак синдромы. Ол
созылмалы
және
жедел
түрде болады, кандай да болмасын сандырак түзілуінің соңғы са
тысы болып табылады және психикалык функцияның ауыр бұзылысына сәйкес
келеді. Созылмалы сандыракта парафренді синдром біртіндеп акыл кемдігіне
ауысады, жедел түрінде онейроидты типтегі сана күңгірттенуіне ауысады.
Парафренді сандырак кұрамына ұл^ілык идеясы катысады. Сандырактык
идеялар оғаштыкпен,
гротескілікпен ерекшеленеді, табанды тұжырымдау
ешкандай дәлелсіз келтіріледі. Көтеріңкі немесе кеңпейілді көңіл-күй фонын-
да айкын конфобуляциялар (фантастикалык-конфабуляторлы парафрения)
болады.
Парафренді сандырактың бір түрі депрессиялык наукастарда дамитын
ипохондриялык Котар сандырағы болып табылады. Дамудың әр сатысында
Котар синдромы нигилистік-ипохондриялык сандыракпен үрейлі-сандырактык
депрессия көрінісімен немесе мәңгі өмір сүру, мәңгі корлык көру немесе сырткы
әлемді жокка шығарумен фантастикалык ипохондриялык сандырак түрінде
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: