&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


А ГР А Р Л Ы Қ РЕВО ЛЮ ЦИЯ



Pdf көрінісі
бет108/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

94


А ГР А Р Л Ы Қ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
тынбай еңбек етті. Жемісін өзі емес, балалары, бәлкім, немерелері та-
татынын біліп, зәйтүн ағашын екті; ол бүгін жегісі келіп түрса да, тәтті
дәмнің бір кесегін қыс айлары мен келесі жыл еншісіне қалдырды.
Осынау тынымсыздық пен мазасыздық адам өміріндегі көп нәр-
сені өзгертіп жіберді. Олар өмірге әлеуметтік және саяси жүйелердің
бүкіл жиынтығын алып келді. Бір өкініштісі, ең тынымсыз егіншінің өзі
бүгін сол үшін жан аямай, бел бүкпей еңбек еткенімен, болашақтағы
экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады. Әлемнің барлық
жерінде билеушілер, элита пайда болды да, жарлыларға жартымсыз
бөлігін қалдырып, егіншілер жиған азық қорын жалмап жатты.
Азықтың артығы прогрестің жетегіне айналды. Соның салдарынан
саясат, соғыстар, өнер мен философия туындады. Соныңесебінен са-
райлар мен қамалдар, ескерткіштер мен ғибадатханалар салды. Күні
кешегі ұрпақ буынына дейін адамзат баласының 90%-ын таң атпай тұ-
рып, қара кешке дейін бел жазып, тізе бүкпей еңбектенетін шаруалар
құрады. Олар өндірген артық азық есебінен атақ-даңқы мен іс-қарекеті
оқулықтар бетін толтырған ат төбеліндей азшылық: патшалар, шенеу-
ніктер, жауынгерлер, абыздар, суретшілер мен ойшылдар жақсы қо-
ректенді. Тарихты саусақпен санарлықтай жандар жасады, ал қалған-
дарының бәрі бұл кезде жер жыртып, су тасып жүрді.
Қиялдағы тәртіп
Азықтың аста-төк қоры және жолаушылар қатынасы мен жүк та-
сымалдаудың жаңа технологиялары адамдардың көпшілігіне әуелі
қауымдаса қанат жайған қоныстарда, содан соң қалаларда, кейін ме-
гаполистөрде тұруына түрткі болды. Бүрын естіп-білмеген мүмкіндік-
тер: патшалықтар қүрылып, сансыз қоныстар мен қалаларды біріктіре-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет