&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


тін сауда жолдары пайда болды



Pdf көрінісі
бет109/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

тін сауда жолдары пайда болды.
Көлік пен артық азық осынау мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кепіл
бола алмады. Тіпті қалада мыңдаған адамды тамақтандырып, патша-
лықтың миллиондаған тұрғынына жұмыс тапқан ретте де олар жер
мен суды өзара қалай бөліседі, дау-дамайды қалай реттейді, қуаң-
шылық немөсе соғыс кезінде бір-біріне қалай көмектеседі? Берік келі-
сімсіз араздық өршиді, мұндайда қамбадағы астықтың кемегі болмай
қалады. Тарихтағы белгілі соғыстар мен революциялардың көпшілігі
ашаршылықтан туындаған емес. Француз революциясын жадау егін-
шілер емес, бүйендей торсиған тоқ адвокаттар жасады. «Мәңгілік
қала» түрғындары өңі түгіл түсінде көрмегөн қазына-байлықты бүкіл
Жерорта теңізі жағалауларынан Римге тасып әкелген кезде, б.з.д.
I ғасырда Рим республикасы гүлденіп, өркендеудің шарықтау шегіне
жетті. Бірақ нақ сол бір көз көріп, қүлақ естімеген молшылық кезінде
римдік саяси жүйе күйрей құлады да, қанқүйлы азамат соғыстарының
95


Е КІН Ш І БӨЛІМ
жалыны басылмай қойды. 1991 жылы Югославияның барша тұрғынын 
асырауға жететін қоры бар еді, сайте тура, сұмдық қантөгістен кейін 
ыдырап тынды.
Осы аталған апаттардың бәрінің себебі анық: sapiens-тер бойын- 
да бөгделердің қалың бұқарасымен ынтымақтасатын туабітті инстинкт 
жоқ. Миллиондаған жыл бойы адамдар бірнеше мүшеден тұратын ша- 
ғын топ құрай тіршілік етті. Аграрлық революциядан қалалар, патша- 
лықтар мен империялар пайда болғанға дейінгі азғантай мыңжылдық- 
тар ағымында бұқаралық ынтымақтастық инстинкті жеткілікті дамып 
үлгерген жоқ.
Мұндай биологиялық инстинкті болмаса да, көшпенділер, әйтеуір, 
бірнеше жүздеген адамнан тұратын топтарға біріге алды: ортақ мифо­
логия көмекке келді. Бірақ бұл одақтар берік болмады. Қызметтік мін- 
деттері шектеулі еді: адам топтары ақпараттар алмасып, сауда-сат- 
тық мәмілелерін жасасты, кейде діни мерекелер өткізу немесе жауға 
тойтарыс беру үшін бас қосты. Ал шағын топтар өздерін қамтамасыз 
етіп, бір-бірінен тәуелсіз өмір сүре берді. Осыдан 20 мың жыл бұрын 
әлеуметтану болған жағдайда, осы ғылымның өкілі бұлттай төніп келе 
жатқан аграрлық революция мен оның зардаптарын білместен, мифо- 
логияның мүмкіндіктері шектеулі деп пайымдауға қажет барлық не- 
гіздемені табар еді. Ата-баба аруағы туралы аңыздар мен тайпалық 
тотемдер 500 адамның бақалшықтар алмасып, кейде бірге көңіл көте- 
рулерінежәне неандертальдықтарды бірлесе қыруына ықпал етті. Бар 
болғаны сол ғана. «Мифология, - дер еді ежелгі әлеуметтанушы, - бір- 
бірімен таныс емес миллиондаған адамдарды күн сайын ынтымақтаса 
тірлік қылуға мәжбүрлей алмайды».
Бірақ ежелгі әлеуметтанушы қатты қателесер еді. Мифтер ол ой- 
лағандағыдан әлдеқайда құдіретті болып шықты. Аграрлық револю­
ция көп тұрғынды қалалар мен даңғайыр патшалықтар құруға жол 
ашқан кезде, адамдар құдайлар, Отан мен акционерлік қоғамдар ту­
ралы тың оқиғалар ойлап тапты, осы жаңа мифтер оларды қоғамға 
біріктірді. Биологиялық эволюция өзіне тән қалыппен ұлудан жылдам 
жылжыған жоқ, ал ұшқыр қиял тіршілік иелерінің бірде-бір түрі бұрын- 
соңды білмеген өзара әрекеттесу мен ынтымақтасу желілерін құрып 
тастады.
Б.з.д. 8500 жылдар шамасында Иерихон сияқты ірі қоныстарда 
бірнеше жүздеген турғын болған. Б.з.д. 7000 жылдары Анадолыдағы 
Чатал-Хююк қаласы 5-10 мыңға дейін жеткен тұрғынмен мақтана алар 
еді. Бәлкім, бұл сол кезеңде жер бетіндегі ең үлкен қала шығар. Б.з.д. 
5 -4 мыңыншы жылдары Құнарлы Жарты айда ондаған мың тұрғыны 
бар қалалар бірінен соң бірі пайда болды. Олардың әрқайсысы төңі- 
регіндегі толып жатқан қоныстарға үстемдік жасады. Б.з.д. 3100 жылы 
Төменгі Ніл алабы тұңғыш рет Мысыр патшалығына бірікті. Перғауын- 
дар билігі мыңдаған шаршы шақырымды, жүз мыңдаған салық төлеу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет