&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


халықтың тілінде сөйлеп, солардың құдайына сыйынып, мифін қайта-



Pdf көрінісі
бет203/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

халықтың тілінде сөйлеп, солардың құдайына сыйынып, мифін қайта-
лады, яғни римдіктерше ойлап, әрекет қылды.
Айтпақшы, империяның күйреуі әрдайым халықтарға азаттық
алып келген жоқ. Босаған жерге басқасы ентелей кіріп күйреп тынған,
әлде дәурені өткен империядан аман қалғанның бәрін иемденуге жан-
таласты. Әсіресе бұл Таяу Шығыста заңдылыққа айналды. Аймақта-
ғы қазіргі саяси ахуал - әжептәуір тұрақты шекаралары бар бірнеше
төуелсіз мемлекеттердің күш тепе-теңдігі - тұңғыш рет бірнеше мың
жыл бұрын қалыптасты. Өткен жолы мүндай құбылыс осыдан 3000
жылдай бұрын, VIII ғасырда байқалды. VIII ғасырда Ж аңа Ассирия им­
периясы дәуірлегеннөн бастап X X ғасырдағы Британ және Француз
империялары құлағанға дейін Таяу Шығыс құдды эстафета таяқшасы
тәрізді империядан - империяға өтіп отырды. Тап сол кезеңде, ақыры,
еуропалықтар қолынан таяқша түсіп қалған шақта арамей, аммонит,
финикия, филистим, моав, эдомит жене басқа да ассириялықтар ба-
ғындырған халықтардан із де қалған жоқ.
Рас, қазіргі еврейлер, армяндар мен грузиндер Таяу Шығыстың
ежелгі тұрғындарынан тарағандарын айтады (ол негізсіз емес). Бұл
ережені мақүлдайтын түжырым ғана, бірақ бүл түжырымның өзі айқын
емес. Қазіргі Израильдің саяси, экономикалық және әлеуметтік салты
ежелгі иудеи заңдарынан гөрі еврейлер соңғы екі мыңжылдықта өмір
сүрген империялардың салт-санасын көбірек еске салуы әбден мүм-
кін. Дәуіт патша қазіргі Иерусалимнің әсіредәстүршіл синагогасына
кіре қалса, шығысеуропалық киім киіп, герман диалектісімен (идишше)
171


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
сөйлескен, Бабыл мәтіні («Талмуд») жөнінде бітпейтін дауға кіріскен 
діндарларды көріп, мүлдем есі шығып кетер еді. Дәуіттің кезінде сина­
гога да, «Талмуд» та тіпті «Тәураттың» орамы да болған жоқ.
Империя құрылысы әдетте тұтас халықтарды қынадай қырудан бас- 
талып, қанды қасаптан аман қалғандарын аяусыз басып-жаншуға жал- 
ғасты. Империя құрушының уйреншікті құралдары: соғыстар, құлдыққа 
салу, жер аудару, геноцид. Б.з. 83 жылы римдіктер Шотландияда жергілік- 
ті каледон тайпаларының қарсылығына тап болды. Оған жауап ретінде 
олар елді тып-типыл тонады. Жеңілгендерге бейбіт келісімге келуді ұсын- 
ған римдіктерге тайпа көсемі Калгак «жауыз қарақшылар!» деп лағынет 
айтып: «Зорлық-зомбылықты, кісі өлтіріп, ел тонауды жалған империя 
атымен істеді. Көлді шел қылады да, оны бейбітшілік деп атайды», - деді2.
Империя тук бітірмейді деп те айтуға келмес. Империя атаулыны те- 
ріске шығарып, олардың мұрасынан ада-күде бас тарту адамзат жаса- 
ған нәрселердің бәрін іс жүзінде терістеу болып шығады. Империялық 
элиталар жаулап алған жерлерінен түскен табысты армия жасақтап, қа- 
малдар салуға ғана емес, сондай-ақ философияны, өнерді, әділ сот пен 
қайырымдылық ісін дамытуға жұмсады. Мәдениеттің қайталанбас жау- 
һар туындылары бағынышты халықтарды аяусыз қанау арқасында пайда 
болды. Римнің байлығы мен өркендеуі Цицеронның, Сенека мен Әулие 
Аугустиннің қолын босатып, ойлануы мен жазумен айналысуына мүм- 
кіндік берді. Моғолдар үнділердің байлығын сығып алмаса, Тәж-Махал 
салынбас еді, славяндарға, венгрлер мен румындарға қысым көрсеткен 
Габсбургтер империясы Гайднге жалақы және Моцартқа қаламақы төлеп 
тұрды. Калгактың сөзін ұрпақтары үшін сақтап қалған каледон тарихшы- 
сы емес, рим тарихшысы Тацит болатын. Тацит сол сөзді ойдан шығарған 
да шығар. Бүгінгі тарихшылар Тацит тек сол сөзді ғана емес, сондай-ақ 
Калгакты да ойдан шығарып, өз елінің тағдыры туралы өзі және басқа 
да жоғары мәртебелі римдіктер көтерген идеялардың жаршысы жасаған 
шығар деп күдіктенеді.
Элиталық мәдениет пен жоғарғы өнер туындыларын ғана қамтуға 
тырыспай, қарапайым адамдардың тұрмысына ден қойсақ та, қазіргі 
қоғамдардың талайынан қандай да бір империяның мирасын бәрібір 
аңғарар едік. Біз ата-бабаларымызға қылыштыңжүзімен таңылған тілде -
империялар тілінде ойлаймыз, армандаймыз. Азияда миллиардтан аса 
қытай Хань империясының тілінде сөйлейді және ойлайды. Қос Америка 
тұрғындарының түгелге жуығы, Аляскадан Магеллан аралдарына дейін, 
өздерінің түп-тұқиянына қарамастан, империялық терт тілдің бірінде: 
испанша, португалша, французша не ағылшынша сөйлейді. Қазіргі 
мысырлықтар арабша сөйлеседі, өздерін араб әлемінің бір бөлшегі 
санап, VII ғасырда Мысырды жаулап алған, содан соң кез келген бүлікшіл 
нышанды темірдей жұдырықпен жаныштаған арабтармен туыс 
санайды. Африканың оңтүстігіндегі шамамен 10 миллион зұлыс XIX


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет