ралық күш қолдану көріністері ұзын-ырғалы тарихта түңғыш рет ең тө-
менгі деңгейге түсті. Халықаралық жаңа ахуалдың ең айқын нышаны -
еуропалық империялардың күйреуі шығар, сірә. Бүкіл тарихи дәуірлер
ағымында империялар көтерілістерді темірдей жұдырықпен мыжып-
жаншыды, күші бітіп, дәрмені азайған шақта империялардың өздері
де қанға боялып, жан тәсілім етті. Өліп бара жатқан империялар өзін
қүтқару үшін тапқан-таянғанының бәрін аямай шашты, ал олардың
күйреуінің ақыры әдетте мұрагерлер арасындағы анархия мен қанды
қырғынға ұласты. 1945 жылдан бастап империялардың көпшілігі зей
нетке шығып, дамыл табуды қолай көрді. Олар салыстырмалы түрде
тез, бейбіт және ұқыпты түрде тарап кетті.
1945 жылы Британия Жер шары аумағының төрттен бір бөлігін
басқарған еді. 30 жылдан соң оның қол астында шағын аралдар шоғы-
ры ғана қалды. Осы онжылдықтар ішінде метрополия отар елдерінен
317
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
біртіндеп айырыла берді: тарсылдап мылтық толассыз атылмады, әрі
кеткенде мың шақты солдат оққа ұшты, ешқандай зобалаң мен жаппай
қыру дерегі болған емес. Бейбіт қарсыласу әрекетін ұйымдастырушы
Махаттама Гандидің атына айтылатын мадақ сөздердің бірсыпыра
бөлігі Британ империясына да арналуға тиіс еді. Империяның орнын-
да бірнеше тәуелсіз мемлекет пайда болды, олардың көпшілігінің тұ-
рақты өз шекарасы бар әрі көрші елдермен жалпы тату-тәтті тұрады.
Иә, ақырында, империя қорғана отырып, артына 10 мыңдаған адам-
ның мүрдесін қалдырды, империя кеткен бойда кей жерлерде (әсіресе
Үндістанда) этникалық қақтығыстар бұрқ ете қалды да, 100 мыңдаған
өмірді жалмады. Әйтсе де тарихи өзге оқиғалармен салыстырғанда,
Достарыңызбен бөлісу: |