&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ата-аналарына да зор бақыт қой



Pdf көрінісі
бет413/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ата-аналарына да зор бақыт қой.
Мұның орташа, өзгешелеу тәсілі де бар. Ғылыми революцияға де-
йін мүмкіндіктер мен бақыттың өзара байланысының мәндестігін қа-
перге алмады. Ортағасырлық шаруа, аңшы мен терімші бабаларынан
бақытсыздау болған да шығар. Бірақ соңғы бірнеше 100 жылдықта
адамдар өз мүмкіндіктерін мейлінше жосықты пайдалануға үйренді.
Ж аңа заман медицинасының жеңісті шеруі - соның бір дәлелі. Бұдан
өзге теңдессіз жетістіктер - зорлық-зомбылықтың едәуір қысқарып,
дүниежүзілік соғыстардың іс жүзінде жоғалуы, жаппай ашаршылыққа
ұшырау қатерінің жойылуы туралы да айтуға болар.
Бірақ бұл пікір нұсқасы да қарабайырлыққа ұрындырады. Бірін-
шіден, оптимистік бағалаулар өте шағын дәйектер іріктемесіне сү-
йенген. Адамдардың басым бөлігі жаңа заман медицинасының жемі-
сін 1850 жылдан кейін көре бастады, ал балалардың өлім-жітімімен
нәтижелі күрес жүргізу X X ғасырдың еншісіне ғана тиесілі. Жаппай
ашаршылықтан адамзат X X ғасырдың ортасына дейін зардап ше-
гіп келді. 1958-1961 жылдары Қытай коммунистік партиясы жүзеге
асырған Үлкен секіріс науқаны кезінде, әртүрлі есептемелер бойын-
ша, 10-нан 50 миллионға дейін адам ашаршылықтан өлген. Халы-
қаралық соғыстар 1945жы лдан кейін жаңа қару қолданып, жаппай
қырылып қалудан қорыққандықтан, ішінара тоқтады. Соңғы бірнеше
онжылдықтар көптен күткен алтын ғасыр іспеттес бола тұра, тарих
барысында іргелі жылжу болды ма, әлде бұл қолайлы жағдаяттар-
дың уақытша, қысқамерзімді тоғысуы ғана ма, әйтеуір, кесімді уәж,
тиянақты пікір айтуға әлі ертелеу. Оның үстіне, қазіргі заман туралы
XXI ғасырдағы ой-өресі орташалау америкалықтың ұстанымы тұрғы-
сынан пайымдауға бейім тұрамыз. XIX ғасырдағы валлия шахтерінің,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет