ҒЫ ЛЫ М И Р Е ВО ЛЮ ЦИЯ
46. Шеміршектілер класына жататын ірі қараның жасушасынан арқасына «құлақ»
өсірген тышқан. Бұл Штадель үңгіріндегі арыстан-адамның қорқынышты «жалғасы»
іспетті. Адамдар 30 мың жыл бұрын да өзге түрлерді біріктіруді армандай бастаған.
Бүгінгі күні олар ондай қүбыжықтарды шынымен жасай алады.
Жоқ, бұл фотошоп емес. Бұл ғалымдар сиырдың шеміршегін ар-
қасына тігіп қойған кәдімгі тышқанның шынайы фотосы еді. Ғалымдар
жаңа тіннің өсуін көз жазбай қадағалап, оны адам құлағының пішіміне
келтірді. Сірә, ғалымдар көп ұзамай жасанды
құлақ өсіріп, оны адамға
тігіп беруді де меңгеретін шығар1.
Ген инженериясы будан да зор «ғажайыптар» жасай алады. Ген ин-
женериясы бірқатар этикалық, саяси және идеологиялық мәселелерге
тіреді. Адам баласының Құдайдың рөліне таласқанына тақуа монотеис-
тер ғана емес, жалпы жұртшылық наразы. Адамның табиғатқа үстемдік
жүргізгісі келетініне қиық құлақ атеистер де әжептәуір шошына қарайды.
Жануарлардың құқықтары үшін күресетіндер
жануарларды тәжірибеге
қолданып, мақұлықтардың азап шеккеніне және қолға үйреткен мал тү-
ліктерін, олардың мұқтаждықтары мен тілек-қалауларын ескерместен,
түрлендіре беруге қарсы шығуда. Баз біреулер келешекте биодиктату
ра ақырзаманды жақындатып, ештеңеден қорықпайтын солдаттар мен
елгезек еңбеккерлерді жасап шығады деп қауіптенеді.
Жалпы көңіл ауа-
ны мынадай: адамның гендерді өзгертіп, сұрыптау білігін меңгеруі оның
жаңа білім қорын ақыл-парасатпен және көрегенділікпен қолдануға қа-
білеттілігі мен бейімділігінен басып озып, алға үзап кетті. Алдымыздан
орасан мол мүмкіндіктер сәт сайын ашылып жатыр, ал
оларды қалай
кәдеге жаратып, иелік ету керегін әлі ешкім жете білмейді.
Соның нәтижесінде гендік инженерия әлеуетінің тек аз ғана бөлігі
зерттелуде. Тәжірибелік сынақтар негізінен саяси лоббишілері жоқ тір-
шілік иелеріне: өсімдіктерге, зеңдерге,
бактериялар мен жәндіктерге
жүргізіледі. Мысалы, биоотын өндіретін
Е.соіі
(симбиозды түрде ішек-
Достарыңызбен бөлісу: