жейлі баяндалады, бірақ адамдардың бақыты мен бейнетіне қалай эсер еткені хақында бір ауыз сөз айтылмайды. Бұл біздің тарихи біліміміздегі ойсыраған «ақтаңдақ». Оның орнын толтыратын кез келді ғой. *Бір кереғар нәрсе: субъективті әл-ауқатты психологиялық түрғыдан зерттеушілер адамның өз бақыт деңгейін дәл табатынына толықтай сенгенімен, психотерапияның бүкіл теориясы мен практикасы адам өзін жете білмейді және өзін-өзі күйрету үрдісінен қүтылу үшін кәсіби көмекті қажет етеді деген сенімге негізделген. 341
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ 20-тарау Homo sapiens тарихының соңы Осы кітаптың бас жағында тарихқа «физика-химия-биология» тіз- бегінің кезекті бір сатысы ретінде анықтама берген едік. Барша тіршілік иелері сияқты, адамдар да сол баяғы физикалық күштерге, химиялық реакцияларға, табиғи іріктеу үдерісіне бағынатындықтан, олар қаты- сатын оқиғалар да, тарихи оқиғалар да, сайып келгенде, табиғи сұ- рыптау заңдарына бағынады. Табиғи сұрыптау басқа организмдердің бәрінен гөрі, Homo sapiens-ті едәуір мол еркіндікпен жарылқады, бірақ бұның да өз шекарасы бар. Оның мәнісі мынада: өзінің бүкіл күш-жігері мен жетістіктеріне қарамастан, sapiens-тер биология белгілеп берген шеңберден шығып кете алмайды. Әрқашан солай болған. Бірақ енді бәрі өзгерді. XXI ғасырдың елең-алаңында Homo sapiens биологиялық шектеуден шыға бастады. Ол табиғи сурыптау заңын мансұқтап, оның орнына саналы ой заңын алып келді. Тірі организмдердің барлығы төрт миллиард табиғи сұрыптау үде- рісінде дамыды, ешқайсысы ойластырылған жоспар бойынша қолдан жасалған емес. Мысалы, жираф жоғарғы сананың қалауы бойынша