ұстап алуға, ал «жамандарын» тым жақын жолатпай, қуып тастауға тырысқан қалпы көп жылдар бойы жағалауда тұрған адамға ұқсайды. Осынау мән-мағынасыз тірлікпен өзін әбден діңкелетіп, ол күн сайын жағада тұрады. Ақырында жұп-жұмсақ құмға отыра кетіп, бойын боса- та дамылдайды: «мейлі, толқындар қалай жөңкілгісі келсе, солай жөң- кіле берсін» дейді іштей. Рақат деген осы екен ғой! Қазіргі либералдық мәдениетке бул идея түбірінен жат, Батыстың нью-эйдж қозғалысы буддалық аяндармен танысқан кезде оларды ли- бералдық ұғымдар тіліне аударып, әрине, басын аяғына келтіріп қойды. Нью-эйдждік наным: «Бақыт сыртқы жағдаяттарға бағынышты емес. Ол тек ішкі сезімдерге ғана байланысып жатады. Сыртқы нәрселердің- байлықтың, мансап-мәртебенің соңына түсіп, ізіне еруден бас тарту, өзіңнің ішкі сезімдеріңмен ғана қосылу керек» деп жар салады. Қысқаша айтқанда, «Бақыт өзіңнің ішкі дүниеңде» дейді. Биологиялық тәсілге бұл қайшы келмейді, бірақ Будда іліміне қарама-қарсы шығады. Бақыттың сыртқы жағдайларға тәуелді емесін айтқан жаңа заман био- логтарының да, сондай-ақ нью-эйдж пайғамбарларының сөзін де Будда 340
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ мақүлдар еді. Бірақ бұл жерде оның маңызды, әлдеқайда терең бір ойы: шынайы рақаттану ішкі сезімдер ауанына да тәуелді емес дегені назардан тыс қалғалы тұр. Ішкі сезімдерге көбірек мән беріп, оларды белсене ізде- ген сайын бұрынғыдан бетер бейнет көріп, азап шеге береміз. Ал Будда тек қана сыртқы жетістіктердің ғана емес, сондай-ақ ең бастысы, ішкі сезіну ауандарының да соңынан қуа беруді доғаруға кеңес береді ғой. Енді қорытындылайық: субъективті әл-ауқатты тексеруші анке- талар молшылықты - субъективті сезімдермен, ал бақыттың соңына