Буддистік көзқарас бойынша сезіміміз - мұхиттың толқындары тә-
різді мың қубылатын өткінші діріл ғана. Бес минут бұрын қуанышым
қойныма сыймай не болмаса әлденеге бел шеше кірісуге даяр болып
тұрсам, енді ол сезімдер сөніп, мұңайып не жабырқап қаламын. Ж а-
нымды жадырату үшін жаман сезімдерді бойға дарытпай, жақсылыққа
удайы сене беруім керек. Бір рет жолым болмай қалды ма, ештеңе
етпейді. Басымнан ешкім сипамаса да, мәселемді шешу үшін бәрін
қайтадан бастаймын.
Мұндай баянсыз бақыттың керегі не? Келе сала ұшып жоғалатын
бақытқа жету үшін неге соншама азаптанамыз? Буддизм азап - ауруға,
уайымға, мағынасыздыққа жетелемейтінін айтады. Азап дегеніміз -
баянсыз бақытқа мәнсіз, мағынасыз түрде ұмтылу. Бул ақылды еш қа-
нағаттандырмайды. Өткінші бақыттан басы айналса да, адам алаңдап
тұрады. Себебі сәл уақыт өткен соң бақыт сезімі ауа көшіп кетеді. Ал
ол сезім мәңгіге қалса ғой!
Қандай да бір өтпелі рақатты сезінген соң ғана, адамдар азаптан
құтылады. Себебі олар барлық сезімді сезіп біліп, оны аңсауын тоқ-
татады. Буддизмнің медитациясы осыны үйретеді. Медитацияда ақыл
мен денені мұқият бақылап, сансыз сезімдеріңіздің қалай лайда бо
лып, қалай жоғалып тынатынын, сезімнің соңына түсудің қаншалықты
мағынасыз екенін түсінесіз. Сабаңызға түсіп, көкірек көзіңіз ашылады.
Бәрі өтпелі: қуаныш, ашу, сағыныш, нәпсіқумарлық. Қандай да бір се-
зімді аңсауды қойған кезде, оны бақылай, қабылдай аласыз. Ендігіде
ондай сезімдерді қиялдауды доғарып, сол сезімдермен өмір сүресіз.
Нәтижесінде ләззаттың туңғиығына батып, өмірін жағымды се-
зімдердің соңынан жанталаса жүгірумен өткізетіндері енді түсіне ал-
майтындай халге жетесіз. Олар «жақсы» толқындарға қуанып, оларды
Достарыңызбен бөлісу: |