Тым мұңдылау түйін. Шынымен, бақыт деген өзіңді-өзің алдау бо-
лып шыққаны ма?
Өзіңді таны
Бақыт жағымды сезімдерден тұрса, оны еселей түсу үшін өзіңнің
биохимияңды қайта қүру керек. Ал бақыт өмірдің мағыналылығын түй-
сінуге негізделсе, онда оны молайту үшін өзіңді қаттырақ алдаған жөн
шығар. Басқа жол жоқ.
Осы пікірлердің екеуі де бір ғана алғышарттан шығады: бақыт -
субъективті сезім (рақаттану, әлде мағына), оның деңгейін анықтау
үшін адамның өзінен қаншалықты бақытты екенін сұрай салу керек.
Осы қисынды, себебі қазіргі кезде идеологиялар арасында индивидтің
субъективті сезімдерін дәріптеуші либерализм үстем шығып отыр. Со-
ларға ғана басымдық береді: не жаксы, ал не жаман, не әдемі, ал не
сүрықсыз, нені істеуге болады, ал нені істеуге болмайды - бұлардың
барлығына әркім өзінің сезім ауаны бойынша төрелік айтады.
Либералды саясат сайлаушылардың нені қалайтынын біледі, игілік-
тің не екенін түсіндіріп беретін Үлкен ағайдың уағызын қажет етпейді
деген ойды малданады. Либералдық экономиканың үраны: әрқашанда
клиенттікі дүрыс. Либералдық өнер: «Сұлулық - сұқтанушының көзін-
д е» ,- дел жар салады. Либералдық мектептер мен университеттерде
шәкірттерді өз бетінше ойлауға баулиды. Жарнамасы одан да батыл-
дау: «Нені қаласаң, соны істе!». Фильмдер, спектакльдер, көбігі күмпи-
ген сериалдар, әр тұстан әуелеген әндер «Өзіңмен өзің бол!», «Жүрегіңе
құлақ түр!», «Жүрегің жетелеген жаққа жүре бер!» дегенді жалықпастан
санаға сіңіре береді: «Нені қайырымдылық десем, сол - қайырымды-
лық, нені жауыздық десем, сол - жауыздық» деп кезінде Жан-Жак Руссо
да осы көзқарастың классикалық тұжырымын түйген еді.
Қаршадайынан осындай ұрандарға құлақ тосып өскен адамдар
Достарыңызбен бөлісу: |