Бір ғажабы: бионикалық қолдарды ой күші қозғалтады.
349
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
Қазіргі кезде бионикалық қолдар - әрине, тірі түпнұсқалардың қа-
сында жіп есе алмайтын нәрсе, дей тұрғанмен, олардың дамып-жетілу
қарымы шектеусіз екеніне еш күмән жоқ. Мәселен, бионикалық нұсқа-
сын табиғи қолдан әлдеқайда күшті, әлеуетті етіп жасауға болады. Вұл
қолдарды бірнеше жылда бір ауыстырып, денеден ажыратып тастау-
ға, мәселен, оларды қашықтан да пайдалануға болады.
Солтүстік Каролинадағы Дьюк университетінің ғалымдары жуыр-
да миларына электрод орнатқан екі маймылды көрсетті. Электродтар
сырттағы құрылғыға мидың сигналдарын жолдайды. Маймылдарды
бионикалық қолын да бақылай білуге үйреткен. Аврора деген маймыл
өзінің төл екі қолымен де, денесінен бөлек бионикалық қолымен де түр-
лі қимыл жасай алады. Енді оның тура үнді қүдайлары сияқты үш қолы
бар, ол қолдар әртүрлі ғимаратта, тіпті әр алуан қалада жүре береді.
Аврора Солтүстік Каролинадағы зертханасында отырып, бір қолымен
басын, екіншісімен арқасын қаси береді. Ал Нью-Йорктегі үшінші колы-
мен банан ұрлай алады (тек олжалы жемісін қашықтан жей алмайды).
Идойя деген келесі маймыл 2008 жылы әлемдік даңққа бөленді: ол Сол-
түстік Каролинадағы орындығынан тұрмастан, Киотодағы бионикалық
екі аяғын басқарды. Вұл аяқтары Идойяның өзінен 20 есе ауыр17.
Оқшаулану синдромы (Locked-in synrome) - адам өз денесін ба-
қылау қабілетінен айырыла түра, когнитивті қабілетін сақтап қалатын
хал-ахуал. Мүндай синдромға душар болған науқастар төңірегінде-
гілермен тек көз қарашығын қозғалту арқылы қарым-қатынас жасай
алады. Ал олардың кейбіреулерінің миына электродтар енгізіп, ми
Достарыңызбен бөлісу: |