сигналдарын қозғалыс пен сөздерге ауыстыруға тырысуда. Экспери
мент сәтті шыққан ретте «тән түтқындары» қоршаған ортамен тілдесе
береді. Бұған қоса өзгелердің ойын оқитын мүмкіндікті де иеленеді18.
Қолға алған жобалардың ішінде ең ғаламаты - екі тарапты тікелей
«ми-компьютер» интерфейсінжасауғаталпыныседі. Ол компьютердіңадам
миының электрлі сигналдарын салыстыра оқып, миға түсінікті сигналдар
жіберуіне жол ашады. Мүндай интерфейстің көмегімен ми интернетке
тікелей қосылатын немесе бірнеше ми бір-бірімен интер-ми-нетте
табысатын шығар? Миұжымдықжадтыңқорынатікелей қосылаберсе, адам
жадының, санасының, өзін-өзі тану өрісінің жағдайлары қалай болмақ?
Мұндай жағдайда бір киборг екіншісінің өмірбаянын оқып, ойша екшеп
жатпай-ақ, естеліктерін өзінікіндей ақтарып, бәріне қанығып шығады ғой.
Ақыл ұжымдық сипат иеленсе, «Мен» деген маңызды ұғым мен гендерлік
саясаттың қандай мәні қалады? Арман-аңсарларың оқшауланған миыңца
емес, ұжымдық қалау-тілектер қоймасында түрса, өзіңді қалай танисың
немесе өз арманыңа қалай талпынасың?
Мұндай киборг-адам тіпті органикалық болмыс бола алмайды. Ол
мүлдем жаңа, бізге тіптен таныс емес түр. Әзірше біз мүндай жаңа-
лықтардың бүкіл саяси, философиялық және психологиялық салдары
қандай болатынын көзге де елестете алмаймыз.
350
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
Басқа өмір
Табиғатты өзгертудің үшінші тәсілі - биологиялық емес тіршілік
иелерін жасау. Ең белгілі мысалы - компьютерлік бағдарламалар мен
өзінің дербес эволюциясы бар вирустар.
«Генетикалық бағдарламалау» - компьютер ғылымы аясындағы ең
еліктірерлік бағыттардың бірі. Ол генетикалық эволюцияның үлгісін қа-
Достарыңызбен бөлісу: |