Нені ескеруің қажет…… Сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады); Сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек; Сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша); Компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;
сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;
жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатын киім мен халаттарда емес) оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;
мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;
сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
Сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;
Егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз; (ZOOM болғанда)
Сабақ өтіп жатқанда…. Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алуда бізбен бірге болыңыз…
Ауа-тамшылық жолмен берілетін әртүрлі вирусты ауруларды жұқтырудан өзіңізді және өзіңіздің жақындарыңызды құтылуға көмектесетін бес қарапайым ережесі.
1.Жөтелген немесе түшкірген кезде аузыңызды және мұрныңызды майлықпен/қол орамалмен жабыңыз.
2.Пайдаланылған майлықтарды қоқыс себетіне тастаңыз.
3.Қол орамал/майлық болмаған кезде, алақанға емес, шынтақ иілісіне жөтелуді үйреніңіз, өйткені әдеттегідей ауызды алақанмен жабу жұқпаның қолдар және тұрмыс заттары арқылы таралуына әкеледі.
4.Қоғамдық жерлерде айналадағы адамдарға жұғу тәуекелдігін азайту мақсатында жөтелі бар ауруларға медициналық бетперде тағып жүру ұсынылады.
5.Қолдарыңызды жылы сумен жуыңыз, қолдарды тазалау үшін спирттік негіздегі заттарды пайдаланыңыз және қолдарыңызды еріндеріңізге, мұрныңызға және көздеріңізге тигізбеуге тырысыңыз.
Бұл ережелер әсіресе көп адамдар жиналатын қоғамдық жерлерде аса маңызды (бизнес-орталықтар, сауда нүктелері, жабық үлгідегі жаппай ойын-сауық өтетін жерлерде және б.), сондай-ақ қоғамдық көлікте, балалар мен ересектер жаппай болатын жерлерде – мектепке дейінгі балалар және мектеп ұйыдарында, білім, медицина мекемелерінде және т.б.).
Бұл бес ереже Сізге денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі!
«Өзіңді вирустық аурудан қалай сақтауға болады?»