ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Адамдардың көпшілігі бұл туралы ойланғылары келмейді. Тіпті биоэтиканың өзі көбінесе басқа мәселені - не нәрсеге рұқсат беру, не нәрсеге тыйым салу жайын шешеді. Тірі адамдарға генетикал ық экспе римент жасауға бола ма? Түсік қып тастаған шаранаға ше? Қойларды клондау қиянат емес пе? Шимпанзені ше? Ал адамды? Бұл - көкейкесті мәселелер. Алайда уақытылы тежегішті басып, Homo Sapiens-ті біртін- деп басқа бір нәрсеге айналдырып жатқан ғылыми жобаларды тоқтата тұруға болады деп ойлау нағыз алаңғасарлық болар еді. Аталмыш жо- балардың барлығы қайткен күнде де ең басты мүрат - адамға мәңгілік өмір сыйлағысы келетін «Гильгамеш» жобасымен байланысып жатыр. Ғалымдардан не үшін геномды элементтерге таратып, миды компью- термен байланыстыруға немесе компьютердің ішіне ақыл-ес орнатуға тырысып жүргендерін сұрап көріңізші. Он жағдайдың тоғызында бір ғана уәж: адамдарды емдеп, ажалдан құтқару үшін деген жауапты ес- титіндеріңіз хақ. Ақыл-есті компьютерге орнату психикалық аурулар- мен күресу мүмкіндігінен де қиындау зардаптар төндіре тұра, бүл - қалыпты ақталу амалы ғана, өйткені олармен ешкім дауласып жатқан жоқ қой. Сондықтан да «Гильгамеш» жобасы ғылымның жалаугеріне айналды: оларды кез келген ғылыми ізденістері ақтап алады. Доктор Франкенштейн Гильгамештің мойнына секіріп мініп алды. Гильгамешті тоқтату мүмкін емес, демек, Франкенштейнді де тоқтата алмаймыз. Тек бір ғана нәрсеге - олардың бағыт-бағдарын таңдауына эсер етуге ғана шамамыз келеді. Адамзат үшін ең бастысы - «не нәрсеге тыйым салу» емес, «кім (немесе не) болғымыз келеді» деген мәселе. Көп үзамай өз тілек-қалауларымызды да өзгертетін болғандықтан, «Біз нені қалағымыз келеді?» деп нақтылаған жөн шығар. Бүл мәселе