үрейлендірмесе, демек, сіздің әлі оған жете мән беріп, ойлана қойма- ғаныңыз.
ГЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ Құдайға айналған жануарлар СӨЗ ТҮЙІНІ Осыдан 70 мың жыл бұрын Homo Sapiens Африканың бір қалтары- сында күн кешіп жүрген елеусіздеу жануар еді. Келесі мыңжылдықтар- да ол ғаламшардың әміршісіне, экожүйенің тажалына айналды. Бүгін- де ол қүдайға айналудың, тек мәңгілік жастықты ғана емес, сондай-ақ жасампаздық пен қиратушылықтың құдайлық қабілетін де иеленудің шегіне жетіп қалды. Өкінішке қарай, sapiens-тер үстемдігі біз мақтанарлық шамадан әлдеқайда аз дүние жасады. Иә, біз қоршаған ортаны бағындырдық, тамақ өндірісін ұлғайттық, қалалар мен империялар құрып, Жер ша- рының шартарабын сауда-саттық желісімен матап тастадық. Бірақ ға- ламшардағы азап-мұң мүнымен азая түсті ме? Адамзаттың мүмкіндігін едәуір кеңейте түскен тегеурінді революциялар жекелеген адамдар- дың тұрмыс жағдайын бәрібір жақсарта алмады, көбіне басқа тіршілік иелерін сұмдық бақытсыздыққа душар етті. Соңғы онжылдьщтар ағымында бізге адамныңжай-ахуалын едәуір жақсартып, ашаршылықтың, ауру-кесел мен соғыстардың ауқымын та- рылтып, адымын қысқартудың ақыры сәті түсті. Бірақ басқа жануар- лардың жай-күйі бұрынғыдан да шапшаң нашарлап барады. Иә, адам- заттың басым бөлігінің хал-ахуалы да жуырда ғана жақсарғанымен, тым тұрақсыздау күйде тұрғандықтан, әзірге бөркімізді аспанға атуға ертелеу. Оның үстіне небір ғаламат заттар жасауды меңгергенімізбен, әлі мақсат-мұраттарымызды айқындай алмай жүрміз, көп нәрсеге көңілі- міз толмайды. Ескекті қайықты, содан соң желкенді қайықты, бу кеме-