&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


үрейлендірмесе, демек, сіздің әлі оған жете мән беріп, ойлана қойма-



Pdf көрінісі
бет459/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

үрейлендірмесе, демек, сіздің әлі оған жете мән беріп, ойлана қойма-
ғаныңыз.


ГЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
Құдайға айналған жануарлар
СӨЗ ТҮЙІНІ
Осыдан 70 мың жыл бұрын Homo Sapiens Африканың бір қалтары-
сында күн кешіп жүрген елеусіздеу жануар еді. Келесі мыңжылдықтар-
да ол ғаламшардың әміршісіне, экожүйенің тажалына айналды. Бүгін-
де ол қүдайға айналудың, тек мәңгілік жастықты ғана емес, сондай-ақ
жасампаздық пен қиратушылықтың құдайлық қабілетін де иеленудің
шегіне жетіп қалды.
Өкінішке қарай, sapiens-тер үстемдігі біз мақтанарлық шамадан
әлдеқайда аз дүние жасады. Иә, біз қоршаған ортаны бағындырдық,
тамақ өндірісін ұлғайттық, қалалар мен империялар құрып, Жер ша-
рының шартарабын сауда-саттық желісімен матап тастадық. Бірақ ға-
ламшардағы азап-мұң мүнымен азая түсті ме? Адамзаттың мүмкіндігін
едәуір кеңейте түскен тегеурінді революциялар жекелеген адамдар-
дың тұрмыс жағдайын бәрібір жақсарта алмады, көбіне басқа тіршілік
иелерін сұмдық бақытсыздыққа душар етті.
Соңғы онжылдьщтар ағымында бізге адамныңжай-ахуалын едәуір
жақсартып, ашаршылықтың, ауру-кесел мен соғыстардың ауқымын та-
рылтып, адымын қысқартудың ақыры сәті түсті. Бірақ басқа жануар-
лардың жай-күйі бұрынғыдан да шапшаң нашарлап барады. Иә, адам-
заттың басым бөлігінің хал-ахуалы да жуырда ғана жақсарғанымен,
тым тұрақсыздау күйде тұрғандықтан, әзірге бөркімізді аспанға атуға
ертелеу.
Оның үстіне небір ғаламат заттар жасауды меңгергенімізбен, әлі
мақсат-мұраттарымызды айқындай алмай жүрміз, көп нәрсеге көңілі-
міз толмайды. Ескекті қайықты, содан соң желкенді қайықты, бу кеме-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет