тырысудың кез келгені сәтсіздікке ұшырайды, себебі денемізді жақ-
сартудың орайы келгенімен, рухымызға қол сұғуға болмайды.
Ғалымдардың тәнді емес, жанды да қайтадан жаңғырта алатыны-
на көндігу оңай болмайтын түрі бар. Болашақ Франкенштейн өзімізден
бірнеше есе басым түсетін тіршілік иесін жасар, өзіміздің неандер-
тальдықтарға жанашырлықпен қарағанымыз сияқты, ол да мына бізге
мүсіркей көз салар, бәлкім.
3 5 4
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
Әзірше бөрі тап осылай болатынына нық сенім жоқ. Болашақ бұлың-
ғыр, беймәлім. Осы парақтарда айтылған сәуегейлік толықтай орында-
лып жатса, таңғаларлық жайт болар еді. Таяп қалғандай көрінген нәр-
сенің күтпеген кедергілерге байланысты болмай қалатынын, мүлде
ойға келмеген сценарий басталып кетеріне тарих куә. 1940 жылдары
түтқиылдан ядролық ғасыр жетіп келгенде 2000 жылдарға қатысты не-
бір жорамалдар жосылды. «Аполлон-11» мен жерсерігі көкке көтерілген
бойда жұрттың бәрі ғасыр соңына таман адамдар Марс пен Плутондағы
қоныстарда өмір сүреді деген болжам айта бастады. Сол кездегі көріп-
келдіктің іске асып, орындалғаны шамалы. Бір жағынан алып қарағанда,
интернеттің пайда болатынын ешкім алдын ала болжай алмады.
Сондықтан цифрлық тіршілік иелері жазуы ықтимал талап-арыз-
дан азаматтық жауапкершілікті сақтандырып қоюға асықпаңыздар.
Осынау фантазиялар мен қорқынышты хикметтердің бәрі - ойлануға
түрткі салу ғана. Бірақ тарихтың жаңа сатысы дегөніміз технология-
лык және ұйымдастырушылық өзгерістер ғана емес. Адам санасы мен
жеке тұлғасының түбегейлі түрленуі екеніне байыппен ой бойлайтып,
мән бере қарауға тиістіміз. Ол соншалықты астарлы, тұңғиық құбылыс
Достарыңызбен бөлісу: |