мәселесі мен денсаулық сақтау саласындағы соны мәселелерге кезі-
геді. Спорттық ұйымдар мен оқу мекемелері бағалау жүйесін өзгертіп,
зейнетақы қоры мен еңбек нарығы - алпыс жастағылар белсенділігі
жөнінен отыздағыларға дес бермейтін болашаққа бейімделеді. Барша
жүрт гендік инженерия, киборгтар мен бейбиологиялық өмір алға тар-
тып отырған небір күрделі сұрақтармен түбінде бетпе-бет келеді.
Адам геномының алғашқы картасын алу үшін 15 жыл және 3 мил
лиард доллар қажет болды. Қазір кез келген адамның ДНҚ-сын бірне-
ше аптада және бірер жүз долларға алуға болады20. Дербес медицина
жүйесін енгізуді тап осыдан - жеке ДНҚ-ға сәйкес ем-дом қолданудан
бастаған жөн шығар, сірә. Сонда отбасылық дәрігер науқасқа обыр ау-
руына шалдығу қатері мол екенін, ал жүрекке бола мазасызданатын-
дай себеп жоғын сенімді түрде айта алады. Ол аурудың 92%-ы ішіп
жүрген, нақты жағдайда еш шипасы жоқ танымал дәріні анықтайды,
енді одан басқа - жұрттың бәріне зиянды, ал өзінің пациентіне дауалы
дәрі керек. Біз осылайша аңсарлы медицинаның бастауында тұрмыз.
Бүл жолдың бойында бас қатыратын талай нәрселер күтіп тұр. Эти
ка мен қүқық саласының мамандары ДНҚ-ға қатысты жеке бас құпия-
сы мен бастапқы деректерді қорғау ұғымдарын қалай қолдану керегі
жөнінде дауласып жүр. Сақтандыру компаниялары ДНҚ-мызға үңіліп,
ессіз қылықтар жасауға тұқым қуалайтын бейімділік кеселі байқалса,
жарна мөлшерін ұлғайта ала ма? Ықтимал жұмыс берушілерге түйін-
деме орнына, ДНҚ-мызды жіберуге тура келе ме? Ал жұмыс беруші
ДНҚ-сы сүйкімділеу үміткерге іш тартса, қайтеміз? «Гендік кемсітуші-
лікке» байланысты сотқа шағымданамыз ба? Ж аңа орган немесе жаңа
тіршілік иесін жасаған компания осынау гендік жүйеге патент тіркетуге
Достарыңызбен бөлісу: |