3 5 2
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
тиіс пе? Адамның нақты бір тауыққа қожайын болатыны түсінікті, бірақ
ол бүтіндей бір биологиялық түрге иелік ете ала ма?
Бұл мәселелер де «Гильгамеш» жобасының: асқақ адам жасау ық-
тималдығының этикалық, әлеуметтік және саяси салдарының қасында
түкке тұрмай қалады. «Адам құқықтарының бүкіләлемдік декларация-
сы», денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламалары мен денсау-
лықты сақтандыру тұжырымдамалары, ұлттық конституциялар сияқты
ресми құжаттардың барлығы адамзат қоғамы өз мүшелерінің бәрінің
емделіп, денсаулығын жақсартуға тең дәрежеде қол жеткізуін қамта-
масыз етуге тиіс екенін мойындайды. Медицинаның міндеті ауру-сыр-
қаудың алдын алып, науқасты емдеуге ғана арналған кезеңде мұның
бәрі оп-оңай көрінді. Ал енді медицина адам мүмкіндіктерін арттыру
ісімен айналысқан кезде не болады? Жұрттың бәрі жаңа мүмкіндіктер-
ге қол жеткізе ме, әлде асқақ адамдар элитасы лайда бола ма?
Қазіргі әлем тарихта тұңғыш рет барша адамның түбегейлі тепе-тең-
дігі мойындалғанын мақтан тұтады. Бірақ тал осы әлем бұрын-соңды ес-
тіп білмеген теңсіздікті тудыруға дайындалып жатуы да мүмкін ғой. Қай
ғасырда да жоғарғы таптар ақылды, күшті, төменгі таптан тәуір санал-
ған. Алайда олар өздерін елеспен, желбуаз қиялмен жұбатты. Кедей ша-
руаның отбасынан шыққан бала мұрагер бекзададан әлдеқайда ақылды
болуы мүмкін ғой. Енді жаңа медицинаның жәрдемімен қоғамның жоғар-
ғы жігінің тыраштануы объективті шындыққа айналуы ғажап емес.
Бұл - ғылыми фантастика емес. Ғылыми фантастикада әдетте
мына біз сияқты sapiens-тер әлемі суреттеледі. Олар көз іліспес жыл-
дамдықпен зымырайтын ғарыш кемелері мен лазерлі зеңбіректер тә-
Достарыңызбен бөлісу: |