Декларацияда халық денсау­лығын сақтаудағы маңызды мәсе­лелерді шешуге арналған ең басым бағыттар көрсетілген



Дата28.09.2023
өлшемі27,48 Kb.
#182913
Байланысты:
денсаулықты алдын алу реферат
ec0412874eaba5bb818c2105b169919c

.

Декларацияда халық денсау­лығын сақтаудағы маңызды мәсе­лелерді шешуге арналған ең басым бағыттар көрсетілген. Бұлар – дұрыс тамақтану, сапалы сумен жабдықтау, ана мен бала денсаулығын сақтау, иммундауды қамтамасыз ету, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу.


Денсаулық сақтау саласында және халықтың күнделікті өмірінде салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығына деген жауапкершілік қағидаты басты мақсатқа айналуы тиіс.
Адамдардың денсаулығын қорғаудағы ұтымды жолдар­ды іздеуде алдын алу (профилак­тикалық бағыттылық) стратегиясы өте тиімді болып отыр.
Елбасының Қазақстан халқы­на жыл сайынғы жолдауларында өлім-жітім деңгейін төмендету, туу саны мен өмір сүру ұзақтығын арттыру, демографиялық көрсет­кіштерді жақсарту міндеттері қойылады. Мемлекеттік маңыз­ды міндеттердің қатарына санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ары қарай тұрақтандыру және қоғамдық денсаулықты жақсарту міндеті жатқызылды.
Халық арасындағы аурулардың алдын алуда медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем ұйым­дары мен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет негізгі рөл атқарады.
Аурулардың бастапқы профилактика жүйесі денсаулық сақтау ұйымдарының ведомствоаралық өзара тығыз іс-қимылын көздейді және негізгі үш қағидаттан тұрады.
«Денсаулық және өмір сүру жағдайлары» деген бірінші қағидат – дұрыс және қауіпсіз тамақтану, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, қауіпсіз сумен жабдықтау негізінде ауыз судың кепілдік берілген сапасы.
«Саламатты өмір салты» деген екінші қағидат – зиянды әдеттерден бас тару, денешынық­тыру мен спортты дамыту, темекі тартудың, алкогольдік және әртүрлі энергетикалық сусындарды пайдаланудың, наркотиктердің зияндығы туралы халыққа кеңі­нен ақпарат беру негізінде жеке гигиенаны сақтау, сондай-ақ инфекциялық аурулардың, әсіресе, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар аурулар ретінде ВИЧ, туберкулез, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу шараларын сақтау.
«Алдын алу» деген үшінші қағидат – тиісті еңбек жағдайларын жасау, халық арасында профилак­тикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру, кәсіптік аурулардың даму қаупі бар контингенттерді диспансеризациялау, халықты заманауи вакциналармен кеңінен иммундау.
Медициналық-санитарлық ал­­ғаш­қы жәрдем денсаулық сақ­­тау жүйесінің басты бөлігі бола отырып, халық денсаулық көрсеткіштерін сапа жағынан жақсартуда басты рөл атқарады. Емдеу-профилактикалық ұйым­дардың қызметіне, негізінен, жеке профилактика шаралары, яғни профилактикалық тексерулер кезінде тұрғындардағы аурулардың ерте сатысын анықтау, диспансеризациялау, иммундау, халыққа ақпарат беруді арттыру кіреді.
Саламатты өмір салты қағида­тына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың денешынықтырумен және спортпен шұғылдануына жағдай жасау, медициналық қызмет көрсе­ту, ыстық тамақпен қамтама­сыз ету мәселелері жоспарлы түрде шешілуде. Бұл іс-шара­лар балалардың дене бітімі патоло­гиясының, ас қорыту, көру және т.б. органдары ауруларының даму профилактикасына бағытталған. Жыл сайын 2 миллионнан астам оқушы профилактикалық тексерулермен қамтылып, оның ішінде 280 мыңнан астамы сауықтырылып және диспансерлік бақылауға алынады. Медициналық алғашқы санитарлық жәрдем ұйымдарының медицина қызметкерлерімен бірге халыққа зиянды әдеттердің зауалы, инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпарат беру жұмысы жүргізілуде.
Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ликасының тамақ қауіпсіздігін, тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнама талаптарының сақталуына байланысты тұтынушылардың құ­қық­­тарын қорғау саласында жұмыс­ты күшейту қажеттілігі туды. Осы­ған байланысты қызметті қайта ұйымдастырып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық са­лауаттылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау міндеттері жүктелетін мемлекеттік орган құру міндеті тұр, жаңадан құрылатын органның қызметі осы мақсатқа бағытталады.


Денсаулық - бұл аурудың немесе мүгедектіктің болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық жағдайы.
Салауатты өмір салты – аурудың алдын алу және денсаулықты нығайту мақсатындағы жеке адамның өмірі. Сонымен қатар, бұл дұрыс тамақтану, дене шынықтыру және жаман әдеттерден бас тарту арқылы денсаулықты жақсартуға және сақтауға бағытталған адам өмірінің тұжырымдамасы. Бұл туралы бүгін Қонаев қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ –да өткен «Жұқпалы емес ауруларды алдын алу» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында «Денсаулығыңызды күтіңіз - өміріңізді басқарыңыз» ақпараттық-түсіндіру науқанында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының алдын-алу бөлімінің мамандары мен аурухана дәрігерлері түсіндіру жұмыстарын өткізді. Бұл жобаның ұйымдастырушылары Алматы облысының денсаулық сақтау Басқармасы, «Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының бірлестігі» ММ біріге ұйымдастырғанын науқан.
Сонымен қатар, науқан аясында, Қонаев қаласының тұрғындарының қандағы қант мөлшері анықталып, қан қысымы өлшенді. Тұрғындар іс-шараға қатысқан дәрігерлермен кеңесіп үлгерді. Өз кезегінде көмек алған азаматтар денсаулықтарына қамқорлық жасаған мамандарға алғыстарын білдірді. «Дене шынықтыру – денсаулықты нығайтудың маңызды құралдарының бірі. Тіпті шағын күнделікті 20 минуттық гимнастика үлкен пайда әкеледі. Гимнастика, жеңіл атлетика, ашық ауада ойнау жүрек-қан тамырлары жүйесіне, өкпеге, тірек-қимыл аппаратын нығайтуға өте пайдалы. Жүгіру жүйке және эндокриндік жүйеге оң әсер етеді. Жаяу жүру салмақ жоғалтуға көмектеседі. Жылдам жүрудің 1 сағатында 35 грамға дейін май тіндері күйіп кетеді деп есептеледі. Салауатты өмір салтын ұстануды қарт адамдар да ұмытпауы қажет. Егде жастағы адамдарда физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігінен семіздік дамиды, метаболикалық аурулар артады, қант диабеті қаупі артады, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады. Бұл жаста физикалық белсенділікті мөлшерлеп, жасына сай жасау керек екенін есте ұстаған жөн», - дейді емханадағы "Салауатты өмір салты" кабинетінің маманы Назгүл Жанұзақова.
Сондай-ақ, мамандар зиянды әдеттерден бас тартуға және уақытылы скринингтік тексеруден өту бойынша ұсыныстар берді. Өйткені, әр адамның денсаулығы өз қолын

Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру мақсатына жетудің басты шарты.


Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын өалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.


Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.

Салауаттану дегеніміз не?


«Салауаттану» орыстың «валеология» сөзінен шыққан. Ол денсаулық ғылымы деген мағынаны білдіреді. Бұл ғылым қалай салауатты болудың, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйретеді. Ол қоршаған ортаның зиянды әсерінен, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі. Денсаулықты сақтау үшін мыналарды орындауың қажет:
жеке бас гигиенасын сақта;
күн тәртібін орында;
денешынықтырумен айналыс;
дұрыс тамақтан
ағзаңды шыңда
белсенді және көңілді бол.

Денсаулық - біздің басты байлығымыз. Өз денсаулығын сақтау — әр адамның парызы.


Дұрыс тамақтану
Ағзаны шынықтыру
Гигиенаны сақтау
Денсаулыққа зиянды заттар

Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі



1) Суды аш қарынға ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
Барлық аурулар тістерден
Тамақты жақсылап шайнаңыз
Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
Салауатты өмір сүру салты - ұзақ өмір сүрудің жолы!
Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:
Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
Сатып алу, тамақ әзірлеу және сақтау кезінде шикі, пісірілген және пайдалануға дайын тағамдарды бір - бірінен бөлек ұстаңыздар.
Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар.
Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар.
Мыналарды пайдаланудан алшақ болыңыздар:
шикі (пастерленбеген) сүттен және құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
пастерленбеген шырыннан.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет