терлік алгоритмдерден жаңа цифрлы ақыл-ес жасап, оған сана, жад, өзін-өзі сезіну қасиетін дарытса, не болады? Осы бағдарламаны өз компьютеріңізге орнатсаңыз, ол жеке тұлғаға айнала ала ма? Осы бағ- дарламаны өшіріп, жадтан сүртіп тастасаңыз, кісі өлтіргендей болып шықпайсыз ба? Дискіні тұрақты тазалап, дефрагменттеп жүруді умы ты п кете берсеңіз, ол сізді сотқа бермес пе екен? Сірә, бұл сұрақтарға жуық арада жауап алып қалатын шығармыз. 2005 жылы қолға алған «Blue Brain Projecty» жобасы компьютерге адам миын тұтастай салуды көздейді. Электрондар тізбегі нейрондар тізбегінің жұмысын айнытпай қайталайтын болады. «Жеткілікті қаржы белее, бірер онжылдықта жасанды миды компьютер ішіне орнататын
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ күнге де жетеміз», - дейді жоба жетекшісі. Бұл жасанды ми сөйлей білетін, тұтастай алғанда, өзін құдды адам сияқты ұстамақ. Ғалымдар- дың бәрі бірдей адам миы цифрлы компьютер сияқты жұмыс істейді деп есептемейді. Ми жұмысы елеулі ерекшеліктерге ие болса, қазіргі компьютерлер оларды қайтадан жаңғыртып, қайталай алмайды. Оның мүмкіндігін толығымен терістеуде дұрысемес шығар. Бір қызығы, 2013 жылы Еуропалық одақ осы жобаға миллиард евро бөлді19. Ерекше жағдай Қазір осынау жаңа мүмкіндіктердің аз ғана бөлігі іске асты. Дей тұр- ғанмен 2014 жылы өркениет биологияның бұғауынан босай бастады. Қоршаған дүниені ғана емес, сондай-ақ санамыз бен денеміздің ішін- дегі әлемді де таңғаларлықтай жылдамдықпен өзгертетін мүмкіндікті иеленіп жатырмыз. Іс-әрекет жасау салаларының көпшілігі үйреншікті үрасынан әзер шығуда. Заңгерлерге құпиялылық пен бірегейлік ұғым- дарын қайтадан түжырымдауға тура келеді, мемлекеттер теңқұқықтық