ГЫ ЛЫ М И РЕВОЛЮ ЦИЯ
жағында орналасқан микрофон арқылы қабылдайды.
Ол дыбыстарды
сүзгіден өткізіп, адам сөзін бөліп алады да, электрлі сигналдар тізбегі-
не айналдырады, олар тікелей орталық есту жүйесіне, содан соң миға
беріледі14.
Мемлекет қаржыландыратын «Retina Implant» атты неміс компа-
ниясы зағип жандарға көздің көру қабілетін ішінара қайтарып беретін
көз торшасының протезін жасауда. Ол үшін науқастың көзіне макро
чип енгізеді. Чиптің фотоэлементтері өзіне түскен
жарықты электрлі
сигналдарға айналдырып, торшаның сау қалған жүйке жасушаларын
тітіркендіреді. Осы жасушалардағы жүйке
талшықтарының тітіркенісі
миға барады да, ол бейнені көреді. Қазір осы технология зағиптардың
емін-еркін жүруіне, әріптерді ажыратып, адамдардың бетін-жүзін шы-
рамытуына мүмкіндік беріп отыр15.
2001 жылы Америка электр маманы Джесси Салливан сәтсіз
оқиға
салдарынан екі қолынан бірдей айырылып қалды. Бүгін ол Чикагоның
оңалту орталығында жасалған екі бионикалық протезді пайдаланып
жүр. Джессидің жаңа қолдары ой ырқына бағынатынымен ерекшеле-
неді. Мидан шығатын сигналдар микрокомпьютерлердің
көмегімен
электрлі командаға айналады да, қолдар қимылдай бастайды. Джес
си оң қолын көтергісі келсе, көтере алады.
Кәдуілгі қолмен салыстыр-
ғанда қимыл-қозғалыс түрлері шектеулі болғанымен, күнделікті қара-
пайым шаруаларды Джессидің өзі атқара береді.
Тап осындай қолды
жуырда жол апатынан зардап шеккен Клаудия Митчелл де иеленді.
Ғалымдар жақында команда бойынша қозғалуға ғана емес, сондай-ақ
мига сигнал беретін, яғни бұрынғы табиғи
қолды кесіп тастағаннан ке-
йін де дене арқылы сезіну белгілері, жанасу түйсіктері қалпына келетін
бионикалық қолдар жасалады дейді16!
47. Джесси Салливан мен Клаудия Митчелл «қол» ұстасып тур.
Достарыңызбен бөлісу: