&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет445/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Homo Sapiens миын салыстырып, айырмашылықтарды анықтасақ, са-
намыздың пішімін қандай биологиялық жағдайлар өзгерткенін түсіне
алатын шығармыз. Неандертальдықты қайта оралтудың этикалық се-
бебі де бар: олардың жойылып кетуіне sapiens-тер себепші болғандық-
тан, кейбіреулердің пікірінше, оларды тірілту - мына біздің моральдық
борышымыз. Бұған қоса олар кәдеге жарап, пайдаға асады. Кәсіпкер-
лердің көбі екі шынжау sapiens-тің жұмысын бір өзі атқаратын, ауыр
еңбектен қажымайтын неандертальдыққа ақшаны аямай төлер еді.
Алайда неандартальдықпен де тоқтап қалуға болмайтын шығар.
Құдайдың орнына жайғасайық та, әлдеқайда жетілдірілген sapiens
нұсқасын жобалауға кіріселік! Homo Sapiens-тің қабілет-қарымы, қа-
жеттіліктері мен қалау-тілегі генетикалық тұрғыдан айқындалады,
оның геномы сүртышқанның геномынан күрделі емес (тышқанда - 2,4
миллиард, sapiens-те шамамен 2,9 миллиардтай нуклеоид бар, небәрі
14%-ға артық11. Таяу келешекте, сірә, жақындап қалған онжылдықтар-
дың шамасында, гендік инженерия мен биоинженерияның басқа да
әдістері физиологиямызды, иммундық жүйеміз бен өміріміздің ұзақты-
ғын ғана емес, сондай-ақ интеллектуалдық және сезім ерекшелікте-
рімізді де едәуір өзгертуге мүмкіндік береді. Гендік инженерия тыш-
қанды данышпан жасаса, неге адамның ақылын тасыта алмайды? Ол
сұртышқанды моногамды етіп шығарса, неге адамды да түзетіп, жары-
на адал етіп қоймасқа?
Homo Sapiens-ті қарабайыр маймылдан әлемнің әміршісіне айнал-
дырған когнитивті революция физиологияны, тіпті мидың көлемі мен
сыртқы пішімін өзгертуді қажет еткен жоқ. Әлбетте, сыртқы құрылымы-
на шамалы өзгерістер жасаумен шектелді. Бәлкім, сондай елеусіз өз-
герістермен екінші когнитивті революцияны жасап, сананың түбегейлі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет