&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


қағуға, жаялықтарды жуып, есепшоттағы қарызды төлеуге жүгірмеді



Pdf көрінісі
бет54/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

қағуға, жаялықтарды жуып, есепшоттағы қарызды төлеуге жүгірмеді.
Қазіргі аграрлық немесе индустриялық қоғам мүшелерінің тұрмы-
сымен салыстырғанда, сол кездегі экономика адамдардың көпшілігі-
нің мейлінше қызықты да мағыналы өмір сүруіне мүмкіндік берді. Фаб-
рикада жұмыс істейтін бүгінгі қытай әйелі таңғы жетіде үйінен шығып,
лас көшелермен түнжыраған ғимаратқа жетеді де, тыным таппай, сол
баяғы бір станокпен жігерін құм қылатын жүмысты он сағат бойы ой-
сыз орындайды. Кешкі жетігө таман үйге қайтады - оны жуылмаған
ыдыстар мен киім-кешек күтіп тұрады. Осыдан 30 мың жыл бұрын тап
осы Қытайдағы көшпенді әйел, айталық, таңғы сегіздер шамасында
құрбыларымен қосыннан шығатын. Маңайдағы орман-тоғайды кезіп,
саңырауқұлақ жинап, жеуге жарамды тамырларды қазып алатын, ба-
қаларды аулап, жолбарыстан қашатын. Олардың өсекті бұрқыратып,
асықпай әңгіме-дүкен құруға, балаларымен ойнап, көз шырымын алу-
ға да уақыттары жеткілікті еді. Өлбетте, кейде әлдекім жолбарыстың
52


К О ГН И ТИ В ТІ РЕВО ЛЮ ЦИЯ
азуына ілігіп, жылан шаққаннан қаза тауып жатты. Есесіне, автомо­
биль апатына үшырау немесе қоршаған ортаның ластануынан жапа
шегу қатері төнген жоқ қой.
Жер жүзінің көп өңірінде кез келген дәуірде терімшілік адам ор­
ганизмов тәуір диета үсынды. Мұның таңғалатын түгі жоқ - өйткені
адам мыңжылдықтар бойы солай қоректенді, біздің организм сондай
тағамдарға үйренген. Тасқа айналған сүйектер мен қаңқаларға ка­
рал, бабаларымыздың аштықтан немесе тағамнан залы болмағанын,
орташа есеппен алғанда, өкшебасар үрпақтарынан - егіншілерден
бойлары әжептәуір биік, денелері шымыр болғанын көреміз. Орташа


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет