&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет50/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Бұрыннан бақуатты қоғам
Ауыл шаруашылығына дейінгі кезең туралы сенімді түрде қандай 
жорамал айта аламыз? Көпшілігі ондаған әрі кеткенде жүздеген 
мүшеден тұратын шағын топтармен өмір сүрді, әрі қоғам мүшелері 
адамдар ғана еді деген болжам нанымды сияқты. Соңғы сөзге жете 
мән берген жөн. Мүныңерсі ештеңесі жоқ: аграрлықжәне индустриялық 
қоғамда қолға үйреткен жануарлардың саны басым болды. Қазіргі кезде 
Жаңа Зеландияда 4,5 миллион sapiens пен 50 миллион қой өмір сүреді.
48


К ОГНИТИВТІ РЕВОЛЮ ЦИЯ
Бұл тәртіпке итті қоспаған жөн, Төбетті қолға бірінші үйреттік, бірақ 
бұл аграрлық революцияға дейін болған оқиға еді. Нақты датасын 
айтуға келгенде ғалымдар сан саққа тартады. Иттің осыдан 15 мың 
жыл бурын адамның соңынан еріп жүргенін бүлтартпай дәлелдей 
аламыз. Асылы, адам қауымына ит одан да бірнеше мыңжылдықтар 
бурын келіп қосылуы әбден мүмкін.
Иттер аңаулау мен шайқастарға қатысып, жыртқыштар мен бөгде 
біреулердің жақындап қалғанын ескерте білді. Адам мен иттің арасын- 
да өзара түсіністік пен сүйіспеншіліктің берік байланысы орнықты. Өл- 
ген итті оның қожайындарын жерлегендей салтанатпен арулап көмді. 
Адамдардың қажеті мен қалауын басқалардан бурын уққан иттер мол 
тамақ пен қамқорлыққа, яғни күнелту мүмкіндігіне ие болды. Иттер 
адамдарды өз мүддесіне пайдалана білді. 15 мың жылдан аса уақыт 
бұрын қурылған осынау одақ, адам мен итті басқа тіршілік иелеріне 
қарағанда тым жақындастырып қойды4. Кей жағдайларда итті де адам- 
дар сияқты арулап көмді.
Ton мүшелері бірін-бірі жақсы білді, өмір бойы олар туыстар мен 
достардың арасында жүрді. Жалғыздық (жеке өмірдің қалтарысы да) 
оларға мүлде жат еді. Көрші топтар бірімен-бірі бәсекеге түскен тіпті 
соғысқан да шығар, бірақ олар достаса да білді. Олар қалыңдық алып, 
бірлесе аң аулады, әртүрлі нәрселерді айырбас жасап, саяси одақ- 
тар қурды, діни рәсімдерді жұмыла өткізді. Мұндай ынтымақтастық -
Homo sapiens-тің ерекше де маңызды белгісі еді, осы дағды sapiens- 
тің басқа адам түрлерінен басым шығуына жол ашты. Кейде көрші 
«отбасымен» тығыз қарым-қатынас орнағаны соншалық, тілі, мифте- 
рі, жосындары мен қундылықтары ортақ бірегей тайпа қалыптасты.
Әйтсе де мундай сыртқы байланыстардың мәнін асыра бағалауға 
болмайды. Қиын-қыстау жағдайда қоңсы қонған адамдар тобы жақын- 
дасып, кейде бірге аңаулағанымен немесе бірге тойлағанымен, бәрібір 
негізгі уақытын оқшау, бір-бірінен тәуелсіз өткізді. Сауда-саттық, сән- 
салтанат бұйымдарын: улутастар, жақуттар мен бояулар айырбасына 
салды. Азық-түлікті, жеміс-жидектерді немесе етті айырбастағанын, 
сондай-ақ әлдебір топтың «импортқа» тәуелді болғанын дәлелдейтін 
ешқандай дерек жоқ. Әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарды да кез- 
дейсоқ әрі ішінара орнатты. Тайпалар тұрлаулы саяси болмыс ретінде 
қалыптаса алмады, тіпті тату топтардың кездесуіне арналған турақты 
орын белгіленгеннің өзінде қалалар немесе қандай да бір мекемелер 
туралы сөз қозғауға әлі ертерек еді. Sapiens өзге біреумен кездескенге 
дейін айлар өтіп жатты. Олар ғумырында бірнеше жүздеген тайпалас- 
тарын ғана танып үлгерді. Тұрғындар апайтөс жер аумағына шашырай 
орналасты. Аграрлық революцияға дейін жер турғындары қазіргі Каир 
қаласы тұрғындарының санынан аспады.
4-728


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет