КОГН ИТИ ВТІ РЕВОЛЮ ЦИЯ
жерін ай сайын,
апта сайын, күн сайын ауыстырып отырды. Бүкіл мүл-
кін салған қапты арқалап, алға тарта берді. Тасымалмен айналыса-
тын компанияның да, көліктің де, тіпті ат-арбаның да қажеті жоқ. Соған
сәйкес олар әрқашан ең қажетті дүниені ғана қолға үстады. Демек, ой-
ождандық, діни және эмоциялық тірлігі дүние-мүкәмалға барып ті-
релген емес. Бізден 100 мың
жылдан соң, жер қазатын археологтар
қираған мешіт орнынан тапқан миллиондаған заттар арқылы мүсыл-
мандық сенім көрінісін біршама көзге елөстетіп ой түюі мүмкін. Бүгін
ежелгі аңшылар мен терімшілердің наным-сенімі мен рәсімдерін қайта
құрастыру қиын. Бүл - болашақ бір тарихшының қазіргі жастардың хат-
хабарлары арқылы олардың тілдесу ерекшеліктерін
қалпына келтіру
ниетіне парапар әурешілік, себебі телефонмен айтылған әңгімелер-
дің, электрондық жолдамалардың, блогтар мен СМС-тердің ізі де қал-
майды ғой.
Міне, сондықтан археологиялық олжаларға ғана сүйенсек,
ежелгі
аңшылар мен терімшілердің тұрмыс-тіршілігі туралы үғымымыз жаңы-
лып, түсінігіміз шатасып кетеді. Осынау олқы ақпараттың орнын қалай
толтырамыз? Кәне, бүгінгі қоғамдарға назар аударайық. Антрополог-
тар оларды бақылай алады ғой. Алайда терімшілердің жаңа заманда-
ғы қоғамының ерекшеліктерін ежелгі дәуірмен шендестіргенде, аса
сақ болу қажет.
Біріншіден, жаңа заманға дейін сақталып қалған мұндай қоғамның
барлығы көрші аграрлық және индустриялық
қоғамдардың әсерін се-
зінді. Сондықтан олардың ерекшеліктерін он мыңдаған жылдар бүрын
ешқандай көршілерсіз өмір сүрген қоғамға түгелімен көшіре салу жаң-
сақтыққа ұрындырар еді.
Екіншіден, ең бастысы, осы заманда бүрынғыша өмір сүретін ко
там халықтары климаты аса қолайсыз аумақта, егіншіліккө қолайсыз
белдемдерде тіршілік етеді. Оңтүстік
Африканың Калахари шөлінің
қиын жағдайына бейімделген адамдар Янцзы өзенінің құнарлы жа-
зығындағы ежелгі тайпалардың түрмыс-тіршілігін қалпына келтіруге
үлгі бола алмас та еді. Өте ежелгі Янцзы алабындағыға қарағанда,
Калахари шөлі сияқты өңірлердегі тұрғындардың орналасу тығыздығы
әлдеқайда
томен болды, осы фактордың өзі адамзат қауымдастықта-
рының мөлшері мен қүрылымына және олардың арасындағы қарым-
қатынасқа елеулі ықпалын тигізді.
Үшіншіден, аңшылар мен терімшілердің байырғы қоғамдарының
ең ғажайып ерекшеліктерінің бірі - олардың саналуандылығы еді.
Айырмашылық жаһанның әрқилы бөлігі арасында ғана емес,
сондай-
ақ бір аймақ шегінде айқын аңғарылып түрды. Соның бір мысалы - еу-
ропалықтар Австралия жеріне аяқ басқан кезде байқаған алуантекті-
лік: британдықтар басып алған сәтте жалпы саны 300-700 мыңға дейін
жететін жергілікті халық бірнеше жүздеген (200-600-ге дейін) тайпаға
бөлінді, әр тайпаның өзі бірнеше руға - туыстар тобына тармақталды2.
Достарыңызбен бөлісу: