экожүйе қалпына келер еді, бұрын талай солай болған. Бірақ адам
дар жаңа құрлыққа сол бір қысылтаяң сәтте келіп, құз шетінде түрған
экожүйені құрдымға итеріп жіберді. Осы факторлардың - климаттың
өзгеруі мен адамдардың агрессиясының ұштасуы ірі жануарлар үшін
аса қауіпті еді. Оларға дереу бірнеше қатер төнеді де, тіршілік етудің
ыңғайлы жолын таңдау қиындады.
Осы болжамдардың бірін тап баса таңдауға мүмкіндік берерлік се-
німді деректеріміз жоқ. Homo sapiens Оңтүстікке, Австралияға аттан-
баса, қалталы арыстандар, дипротодондар мен алып кенгурулер өлі
күнге тірі жүрер еді деп пайымдауымызға толық негіз бар.
67
Б ІР ІН Ш І БӨЛІМ
Жалқаулардың ақыры
Австралия мегафаунасының қырғыны -ж е р бетіндегі Homo sapiens
іс-әрекетінің алғашқы елеулі нәтижесі. Келесі экологиялық апат бұдан
да ауқымды, бұл жолы Америкада болды. Homo sapiens Батые жарты-
шарға дейін жеткен тұңғыш әрі бірден-бір адам түрі еді. Бұл шамамен
16 мың жыл бұрын, яғни б.з.д. 14 мыңыншы жылдары басталды. Ал-
ғашқы қоныстанушылар Америкаға жаяу жетті: сол шақта мұхит дең-
гейі төмендеп кеткені сонша, Солтүстік-Шығыс Сібір мен Солтүстік-Ба-
тыс Аляска аралығында құрғақ жол «өткелі» пайда болды. Дегенмен
бұл қиын, тіпті Австралияға теңіз жорығынан да машақаты мол жол
еді. Батыс жартышарға жету үшін sapiens-төрдің әуелі Солтүстік Сібір-
дің күрделі жағдайына, поляр түніне, елу градустық аязда өмір сүру
дағдысына бой үйретуіне тура келді.
Бұрын бірде-бір адам түрі Сібірге дендеп енбеген еді. Тіпті суық-
қа төзімді неандертальдықтардың өздері оңтүстікке таман, жылылау
өңірлерді жайлады. Бірақ денесі мәңгілік қар мен мұз патшалығынан
Достарыңызбен бөлісу: |