ғы мен Құрама Штаттардың батысынан мамонттар мен мастодонттар- ды, үлкендігі аюдай кеміргіштерді, мыңғырған жылқы үйірлері мен түйе келелерін, алып арыстандар мен біз баяғыда үмытып кеткен басқа да ондаған жануар түрлерін, әсіресе азуы қанжардай айбарлы жолба- рыстар мен салмағы сегіз тоннаға, бойы алты метрге жететін таудай жалқауаңдарды (sloth) көрді. Оңтүстік Американың мақүлықтары: ірі сүтқоректілөрі, құстары мен бауырымен жорғалаушылары бүдан да таңсық көрінді. Қос Америка жер тарихындағы ең ауқымды эволюция- льщ тәжірибелер өткен табиғи зертхана болып шықты: мунда Азияда да, Африкада да ешқашан естіп-білмеген жануарлар мен өсімдіктер мамыражай күй кешіп жатты. Кенеттөн соның бәрі құрыды. Sapiens-тің келуі мұң екен, 2000 жыл ағымында ерекше түрлердің көпшілігі із-түссіз жоғалды. Зерттеуші- лер Солтүстік Америка ірі сүтқоректілердің 47 түрінің 34-інен, Оңтүс- тік Америка 60 түрдің 50-інен айырылды деп есептейді. Осы жерлерді 30 миллион жылдай тұтасымен билеп-төстеген қылыштісті жолбарыс- тар жойылды. Таудай жалқауаңдар мен алып арыстандар, америка жылқылары мен түйелері, мамонттар мен дәукеміргіштер жоғалды. 69
Б ІР ІН Ш І БӨЛІМ Мыңдаған ұсақ сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, құстар тіпті титімдей жәндіктер мен паразиттер де (мамонттар жойылған соң олардың үстіндегі кенелері де кетті) қырылды. Палеонтологтар мен жануарлардың қаңқаларын зерттейтін зооар- хеологтар ежелгі түйелердің сүйегін немесе түрқы таудай жалқауаң- ның ең болмағанда тезегін табу әуресімен ондаған жылдар бойы қос Американың тауы мен жазық даласын кезіп жүр. Бірдеңе табудың сәті түсе қалса, әлгі қазынаны ұқыпты қаптап, зертханаға жібереді де, әр