&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ғы мен Құрама Штаттардың батысынан мамонттар мен мастодонттар-



Pdf көрінісі
бет79/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ғы мен Құрама Штаттардың батысынан мамонттар мен мастодонттар-
ды, үлкендігі аюдай кеміргіштерді, мыңғырған жылқы үйірлері мен түйе
келелерін, алып арыстандар мен біз баяғыда үмытып кеткен басқа да
ондаған жануар түрлерін, әсіресе азуы қанжардай айбарлы жолба-
рыстар мен салмағы сегіз тоннаға, бойы алты метрге жететін таудай
жалқауаңдарды (sloth) көрді. Оңтүстік Американың мақүлықтары: ірі
сүтқоректілөрі, құстары мен бауырымен жорғалаушылары бүдан да
таңсық көрінді. Қос Америка жер тарихындағы ең ауқымды эволюция-
льщ тәжірибелер өткен табиғи зертхана болып шықты: мунда Азияда
да, Африкада да ешқашан естіп-білмеген жануарлар мен өсімдіктер
мамыражай күй кешіп жатты.
Кенеттөн соның бәрі құрыды. Sapiens-тің келуі мұң екен, 2000 жыл
ағымында ерекше түрлердің көпшілігі із-түссіз жоғалды. Зерттеуші-
лер Солтүстік Америка ірі сүтқоректілердің 47 түрінің 34-інен, Оңтүс-
тік Америка 60 түрдің 50-інен айырылды деп есептейді. Осы жерлерді
30 миллион жылдай тұтасымен билеп-төстеген қылыштісті жолбарыс-
тар жойылды. Таудай жалқауаңдар мен алып арыстандар, америка
жылқылары мен түйелері, мамонттар мен дәукеміргіштер жоғалды.
69


Б ІР ІН Ш І БӨЛІМ
Мыңдаған ұсақ сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылар, құстар
тіпті титімдей жәндіктер мен паразиттер де (мамонттар жойылған соң
олардың үстіндегі кенелері де кетті) қырылды.
Палеонтологтар мен жануарлардың қаңқаларын зерттейтін зооар-
хеологтар ежелгі түйелердің сүйегін немесе түрқы таудай жалқауаң-
ның ең болмағанда тезегін табу әуресімен ондаған жылдар бойы қос
Американың тауы мен жазық даласын кезіп жүр. Бірдеңе табудың сәті
түсе қалса, әлгі қазынаны ұқыпты қаптап, зертханаға жібереді де, әр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет