&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


сүйек пен әрбір копролитті (тасқа айналған тезекті ғалымдар осылай



Pdf көрінісі
бет80/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

сүйек пен әрбір копролитті (тасқа айналған тезекті ғалымдар осылай
атайды) мұқият зерттеп, мезгілін анықтайды. Осы зерттеулердің бар-
лығы бір ғана нәтиже береді: жалқауаңдардың мейлінше жас тезегі
мен түйе сүйектері құрлыққа адамдар тасқыны ағын судай қаптаған
кезеңге, яғни б.з.д. 120 0 0-90 0 0 жылдар аралығына тұстас келеді. Тек
бір жерден ғана ғалымдар берірек кезеңге - б.з.д. 5000 жылдарға жа-
татын жалқауаң тезегін Кариб аралдарынан, дәлірегі, Куба мен Гаити-
ден тапты. Б.з.д. 5000 жыл дегеніміз - адамдардың Кариб теңізін жүзіп
өтудің жолын тауып, осы үлкен аралдарға қоныстанған кезі еді.
Тағы да кейбір зерттеушілер Homo sapiens-ті ақтап алып, бар кінә-
ні климаттың өзгерісіне аударғысы келеді (сол үшін бүкіл Батыс жар-
тышарына жылыну үдерісі жаудай тиген кезде, Кариб аралдарында
әлдебір құпия себеппен 7000 жыл бойы экожүйеге қолайлы климат
сақталып қалып еді деуге дейін барды). Бірақ Америка фаунасына қа-
тысты істе ақтала алмаймыз: оған мына біз кінәліміз. Климаттың өзге-
руі қосымша фактор екенін мойындағанның өзінде де негізгі кінә, бәрі-
бір адамның мойнында қала береді7.
Нұхтың кемесі
Австралия мен Америка түрлерініңжаппай жоғалуына Homo sapiens
Афроазияға жайғасып болғанға дейінгі уақытта онша аукымды емес
апаттарды (соның ішінде адамның басқа түрлерінің жоғалуы мен Куба
сияқты алыс аралдарға ежелгі аңшылар келген кезде тіршілік иелері-
нің едәуір бөлігінің қырылуын) қоссақ, қашып құтыла алмайтын қоры-
тынды туындайды: Sapiens-тердің отарлауының бірінші легі әлемнің
қүрлық жануарларының тарихындағы ең қорқынышты, ең жойқын ке-
сапатқа айналды. Бәрінен бұрын ірі және жүндес жануарларға қиын
тиді. Когнитивті революция қарсаңында ғаламшарды ірі құрлық жа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет