EKIHLLII БӨЛІМ
аз болды. Бір ғана дәнді дақылмен қоректену мүлде пайдасыз: бұл
диета дәрумендер мен микроэлементтерге жұтаң, дәнді дақыл нашар
қорытылады, тіс пен қызыл иекке зиян.
Бидай, тіпті адамдарға бақуатты турмыс та ұсына алмады. Осы
тұрғыдан алғанда шаруаның тіршілігі аңшы мен терімшінің тағдыры-
нан ауырлау еді. Ежелгі адамдар өсімдіктер мен жануарлардың бір-
неше түрін азық қылды. Сондықтан да тағамның қосымша қоры бол-
маса да, ашаршылық жылдарында аман қалды. Әлдебір жануардың
саны азайып немесе әлдеқандай өсімдік түрі жойылып кетсе, адамдар
басқа өсімдік түрін терді немесе басқа бір аңды аулады. Шаруа болса
күні кеше жерсіндірген өсімдіктердің шектеулі жиынтығымен қоректе-
ніп келді. Бірқатар өңірлер бір ғана өсімдік түріне - бидайға, картопқа
немесе күрішке байланып қалды. Толассыз жауын, қаптаған шегіртке-
лер немесе өсімдікті жегідей жеп қоятын зеңдер егіншілерді ауық-ауық
қырғынға үшыратты. Егін шықпай қалғандықтан, шаруалар мыңдап,
кейде миллиондап қаза тапты.
Бидай зорлық-зомбылықтан да қорғай алмады. Алғашқы егіншілер
көшпенді бабалары сияқты (бәлкім, олардан да бетер) агрессивті бол
ды. Шаруада жеке мүлік пайда болды, енді оларға өңдейтін жер керек.
Көршілері жайылымын немесе егістік алқабын тартып алса, онда бү-
кіл қауым аштықтан өледі, демек, келісімге келіп, ымыраға көнуге еш
мүмкіндік қалмайды. Күшті көршілері қысым көрсетсе, аңшы мен терім-
шілер басқа жерге кетіп қалады, ал отырықшы шаруа дұшпан қыспа-
ғымен қоныс аударса, егістігін, үй-жайы мен қора-қопсысын қалдырып
кетеді. Әдетте босқындар ашаршылыққа ұшырайды, міне, сондықтан
шаруалар ақырына дейін шайқасуды қалады.
78
12. Жаңа Гвинеядагы екі ауылшаруашылық қауымдастықтар арасындағы
тайпааралық шайқас (1960 жыл). Ауылшаруашылық революциясынан
Достарыңызбен бөлісу: