&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


бүкіл Азия мен Еуропаны игеріп, Австралияға да, Америкаға да жетті



Pdf көрінісі
бет84/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

бүкіл Азия мен Еуропаны игеріп, Австралияға да, Америкаға да жетті.
Қайда барса да, ол бұрынғысынша терімшілікпен және аңшылықпен
күнелтті. Қарны тоқ, уайымы жоқ болса, әлеуметтік құрылымы тұрақты
тұрса, діні жетіліп, әлемге иелік етіп жатса, оған тұрмыс салтын өзгер-
тудің керегі не?
Осының бәрі шамамен 10 мың жыл бұрын, уақыты мен күшін ая-
мастан, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерін өсірумен sapiens
шындап айналыса бастаған кезде өзгерді. Таң атқаннан күн батқанға
дейін адамдар дән сеуіп, өскіндерді суарып, арамшөпті жұлып, отарды
өрістен-өріске айдай бастады. Олар бұл шаруа терімшілік пен аңшы-
лыққа қарағанда, өздерін дәнмен, жеміспен және етпен әлденеше мол
мөлшерде қамтамасыз ететінін түсінді. Аграрлық революция осылай-
ша өрбіді.
Отырықшы егіншілікке көшу б.з.д. 9 5 0 0 -8 5 0 0 жылдары Оңтүстік-
Шығыс Түркияның, Батыс Иранның таулы аудандарында және Левант-
тың аядай аймағында басталып, бастапқыда баяу жүрді. Шамамен
б.з.д. 9000 жыл бұрын бидайды жерсіндіріп, ешкіні қолға үйретті. Бұр-
шақ пен жасымықты - шамамен б.з.д. 8000 жыл бүрын, зәйтүнді - ша­
мамен б.з.д. 5000 жыл бұрын мәденилендірсе, жылқыны б.з.д. 4000
жыл бұрын қолға үйретті, ал жүзім б.з.д. 3500 жыл шамасында мәдени
өсімдікке айналды. Кейбір жануарлар мен өсімдіктер, атап айтқанда,
түйені кешірек қолға үйретіп, кешью жаңғағын да кейінірек қолдан өсі-
ре бастады. Тұтастай алғанда, б.з.д. 3500 жылдар шамасында қолға
үйрету мен өсімдіктерді мәденилендіру аяқталды. Технологиялар жан-
жақты дамыған бүгінгі күні де адамзат қауымы калориялардың 90% -
дан астамын ата-бабалары б.з.д. 9 5 0 0 -3 5 0 0 жылдар арасында өсіре
бастаған өсімдіктүрлерінен, яки бидай, күріш, жүгері, картоп, тары мен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет