&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Гөбеклі-тепедегі монументалды құрылыстың қираған үйінділері



Pdf көрінісі
бет99/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

13. Гөбеклі-тепедегі монументалды құрылыстың қираған үйінділері,
Оң жақта: айшықты өрнектермен бәдізделген тас сағананың биіктігі 5 метр.
Археологтар дүниежүзіндегі мүндай сынтастармен жақсы таныс: 
солардың ең белгілісі - Англиядағы Стоунхендж. Бірақ Гөбеклі-тепеде- 
гісі бұрыннан белгілі монументалдық құрылыстардан әсерлі бітімімен 
ерекшеленеді: Стоунхенджді б.з.д. 2500 жылдардың орта шенінде да- 
мыған егіншілер қоғамының мүшелері салған. Ал Гөбеклі-тепе құрылы- 
сы одан әлдеқайда көнелеу, кейбір нышандарына қарағанда, оны б.з.д. 
9500 жылдары аңшы мен терімшілер тұрғызған. Бастапқыда археолог- 
тар бұған сене алмады, әйтсе де талдаулардың барлыгы оның мер- 
зімі тым көнелігін, құрылысшылардың аүылшарүашылық тұрмыстан 
бұрын өмір сүргенін анықтады. Демек, ежелгі аңшы мен терімшілердің
85


Е КІН Ш І БӨЛІМ
қабілеті, олардың қоғамдық құрылымы мен мәдениеті де бұрын ғы- 
лымда айтылып жүргендегіден әлдеқайда күрделі болған.
Көшпенділер не үшін бұл балбалдарды қашап, төбесін тас қал- 
пақпен жапқан? Мүндай қүрылыстардан ешқандай материалдық лай­
да болған жоқ, болуға да тиіс емес: бұл - мамонт соятын қасапхана, 
жауын-шашыннан қалқалайтын немесе арыстаннан тығылатын пана 
емес. Шындыққа жуысатын бір ғана теория қалады: бұл - діни ғима- 
рат, оның жүмбағын түбегейлі шешу үшін археологтардың әлі де бас 
қатыруына тура келеді. Не үшін салынғаны белгісіз, әйтсе де ежелгі 
аңшылар мен терімшілер одан уақытын да, күш-жігерін де аямаған. 
Гөбеклі-тепені ынтымақтаса әрі ұзақ уақытқа күш біріктірген сан алуан 
рулар мен тайпалардан шыққан мыңдаған көшпенді ғана сала алар 
еді. Мүндай үйлесімді түрде үжымдаса күш жүмсауға адамдарды тек 
дамыған дін жолы немесе идеологиялық жүйе ғана жетелей алады.
Гөбеклі-тепе қойнында тағы бір құпия тығылып жатыпты. ¥зақ жыл- 
дар генетиктер қолдан өсіре бастаған бидайдың шығу тегін анықтауға 
тырысты. Жуырда ашылған жаңалық, әйтеуір, мүндай бидайдың бірі -
бірдәнекті бидай Карачадаг тауында, Гөбеклі-тепеден 30 шақырым 
жерде өскенін көрсетті6.
Бұл жай сәйкестік емес. Сірә, Гөбеклі-тепедегі архитектуралық ке- 
шеннің адамдардың бидайды (немесе бидайдың - адамдарды) жер- 
сіндіру тарихымен әлдебір байланысы болса керек. Осы монумен- 
талды ғимаратты салғандарды, ал содан соң оған жиналғандарды 
тамақтандыру үшін азық-түліктің орасан мол қоры қажет еді. Аңшылар 
мен терімшілер аяқ астында жататын жабайы бидайды қарқынды түр- 
де өсіруге мол қор жию қамымен емес, ғибадатхананы түрғызып, оның 
қызметін жандандыру үшін көшті деп жорамалдауға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет