оңдап алу үшін аянбай еңбек етуге бел буып, бөлгілі фирмаларға кі- ріп жатады. Содан соң ғана өзі аңсаған іспен шүғылдануды ойлайды. Бірақ 35 жаста оларда ипотека, қымбат мектепте оқитын балалары, екі машинаның өтемі, үй қызметшісіне төлейтін ақы... және де шәрбат дәмді шарап ішпей, шетелде шалқып демалмай өмір сүріп керегі не деген сезім бар. Шынымен қарабайыр тірлікке оралуы керек пе? Жоқ, әрине, енді бір ғана жол бар: бүрынғыдан да бетер жұмыс істеп, қор жинауды жалғастыра беру. Тарихтың толып жатқан «мызғымас заңдарының» бірі мынау: мол- шылық қажеттілікке айналып, жаңа міндеттер туындатады. Адам жаңа, жайлы жағдайға бой үйреткенде, солай болуға тиіс деп сезінеді. Өйт- кені сол жақсы өмірге үмтылды ғой. Енді онсыз тура алмайтын сәт те келеді. Қазіргі уақыттан тағы бір мысал келтірейік. Соңғы онжылдықта адамдар уақытты едәуір үнемдейтін әрқилы тұрмыстық техниканы: кір жуатын машинаны, шаңсорғышты, ыдыс жуғышты, сондай-ақ уялы те лефонды, компьютерді, интернетті ойлап тапты. Тұрмыс жайлы да, ты- ныш болады деп ойлады. Бурын хатты жазып, конвертке салуға, марка жапсырып, ең болмағанда, пошта жәшігіне дейін апаруға тура келетін. Ал содан соңжауабын күтумен күндер мен апталар, кейде айлар өтетін. Қазір электронды хатты теріп жазамыз да, әлемнің қиыр шетіне жолдай саламыз. Адресат сол сәтте компьютердің алдында отырса, минут от пей хабарын береді. Міне, қанша уақыт пен күш-жігерімізді үнемдейміз. Бірақ өміріміз жайлы да тыныш болды деп сендіре аламыз ба? Жоқ, әрине. «Қағаз пошта» дөуірінде адамдар әлдебір маңызды нәрсені хабарлау керек болғанда ғана хат жазды. Олар басына can ете түскен ойды қағазға түсіре салған жоқ, не айту және оны қалай желе зу керегін мұқият ойластырды. Өздері де ойда екшеп, санада сарала-