&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


йы түрлерін тамаққа тұтынды, сөйте түра қоныстарға тұрақтап, уақыт-



Pdf көрінісі
бет93/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

йы түрлерін тамаққа тұтынды, сөйте түра қоныстарға тұрақтап, уақыт-
тың біраз бөлігін жабайы астық дақылдарын жинап, өңдеуге жұмсады.
Олар тастан үйлер мен қамбалар салып, қуаң жылдар қамына астық
қорын жинады. Натуфийліктер жаңа еңбек құралдарын: егін оратын тас
орақтарды, дәнді талқандайтын тас келі мен келсапты ойлап тапты.
Б.з.д. 9500 жылдың орта шенінде натуфийліктердің үрпақтары
дәнді дақылдарды жинап, өңдеп қана қоймай, оларды мейлінше же-
тілдірілген тәсілдермен қолдан өсіруді үйреніп алды. Егін ора жүріп,
тұқымның біршама бөлігін танапқа қалдырды, олар келесі жылы жай-
қала өсіп шықты. Тұқымды топырақ бетіне қалдырмай, жерге тереңірек
көмсе, егін бітік өсіп шығатынын түсінді. Сол кезде адамдар топырақты
қопсытып, жер жыртуды қолға алды. Содан соң олар егістікті арам-
шөптен арылтып, өскінді зиянкестерден қорғауды, оны суарып, тыңай-
туды меңгөрді. Егінді сақтау қамына көп күш жұмсалған сайын жаба­
йы өсімдіктерді жинау мен аң аулауға жұмсалатын уақыт аэая берді.
Аңшы мөн терімшілер осылай егіншілерге айналды.
Жабайы дақылдар жинап келген әйел бір түндө бидай өсірушіге
айналып шыға келген жоқ, сондықтан егіншілік мәдениетке түбегейлі
көшу сөті қашан болғанын дәл айту қиын. Дегенмен де б.з.д. 8500 жыл-
дарының орта шенінде Таяу Шығыс Иерихон сияқты қоныстарға айна­
лып үлгерді, олардың тұрғындары уақытының негізгі бөлігін бірнеше
түрлерді өсіруге жұмсады.
Азықтың бүрын-соңды болмаған қоры жинақталған тұрақты қо-
ныстардағы тұрғын саны өсе бастады. Көшпелі тұрмыс салтынан бас
6 -7 2 8
81


Е К ІН Ш І БӨЛІМ
тартып, әйелдер жыл сайын да туа алатын халге жетті. Енді бөбектер-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет