1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған
немесе кетiрiлген, сондай
-
ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкiлеттiгi
қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне
Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжілісiнiң
Төрағасына көшедi; Мәжіліс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн
болмаған ретте ол Республиканың Премьер
-
Министрiне көшедi. Өзiне Республика
Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжіліс
Төрағасының немесе Премьер
-
Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос
тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге
асырылады.
2. Осы баптың 1
-
тармағында көзделген негiздерде және тәртiппен Қазақстан
Республикасы Президентінің өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған тұлғаның Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық
жасауға құқығы жоқ.
IV БӨЛIМ
ПАРЛАМЕНТ
ҚР 07.10.98 ж. № 284
Заңымен
49-
бап өзгертілді
49-
бап
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР
Заңымен
1-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1. Парламент
-
Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
2. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан
сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады.
3. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша
мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық
жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 14.07.99 ж. № 13/2 қаулысымен берілген түсініктемені
қараңыз
ҚР 07.10.98 ж. № 284
Достарыңызбен бөлісу: