Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет21/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk

47-
бап
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
1-
тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

1. Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты өзiнiң 
мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен 
бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан 
және медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. 
Мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм Парламент Палаталарының бiрлескен 
отырысында комиссияның қорытындысымен белгiленген конституциялық рәсiмдердiң 
сақталғаны туралы Конституциялық Сот қорытындысы негiзiнде әр Палата депутаттары 
жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен қабылданады. 
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
2-
тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

2. Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезіндегі iс
-
әрекетi үшiн тек 
қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл үшiн Парламент 
оны қызметiнен кетiруi мүмкiн. Айып тағу және оны тексеру туралы шешiм Мәжіліс 
депутаттарының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша депутаттардың жалпы 
санының көпшiлiгiмен қабылдануы мүмкiн. Тағылған айыпты тексерудi Сенат 
ұйымдастырады және оның нәтижелерi Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк 
даусымен Парламент Палаталары бiрлескен отырысының қарауына берiледi. Бұл мәселе 
бойынша түпкiлiктi шешiм айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы 
және белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық 
Соттың қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде 
төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында 
қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екi ай iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдамау 
Республика Президентiне қарсы тағылған айыптың күшi жойылған деп тануға әкеп 
соғады. Республиканың Президентiне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған 
айыптың қабылданбауы оның қай кезеңiнде де осы мәселенiң қаралуына себепшi болған 
Мәжіліс депутаттарының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.
2007.21.05. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет