2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары
бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзімде қайталап талқылау мен
дауысқа салуды жүргізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы
Президент қарсылықтарының
қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әрбір Палата депутаттарының жалпы
санының үштен екісінің көпшілік даусымен Президенттің қарсылықтарын еңсерсе,
Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің
қарсылығын ең болмаса
Палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда
қабылданды деп есептеледі;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
ҚР Конституциялық Кеңесінің 30.06.99 ж. № 10/2; 26.12.00 ж. № 22/2; 13.12.01 ж. № 16-
17/3 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз
Достарыңызбен бөлісу: