Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет33/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk

61-
бап
2007.21.05. 
№ 254-III
 
ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. 
ред
. қара) 
1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент 
депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. 
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР 
Заңымен
2-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2022 ж. 
08.06. ҚР 
Заңымен
2-
тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда 
қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) 
(
бұр.ред.қара

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге 
құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде 
қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.
Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті 
қорғауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою 
мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң 
жобалары Палаталардың бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
3-
тармақ өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға: 
1) жеке
және заңды тұлғалардың құқық субъектілігiне, азаматтардың құқықтары мен 
бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне; 
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға; 
3) мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн
-
өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен 
олардың қызметiнiң, мемлекеттік және әскери қызметтiң негiздерiне; 
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге; 
5) республикалық бюджетке; 
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне; 
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға; 
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге; 
9) айналадағы ортаны қорғауға; 
10) республиканың әкiмшiлiк
-
аумақтық құрылысына; 
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi 
принциптер мен нормалардың белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы. 
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi. 
Осы баптың 2
-
тармағының екінші бөлігінде көзделген заң жобалары Парламентке 
енгізілген жағдайда, Республика Үкіметі осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген 
мәселелер бойынша заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілер қабылдауға 
өзінің жауапкершілігімен хақылы, олар Парламент қабылдаған заңдар күшіне енгенге 
дейін немесе Парламент заңдарды қабылдамағанға дейін қолданыста болады.
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
4-
тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

4. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған заң Сенатқа 
беріледі, ол онда алпыс күннен асырылмай қаралады.
22 


Мәжіліс заң жобасын депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен тұтастай 
қабылдамауға хақылы. Бас тартылған заң жобасы қабылданбады деп есептеледі және 
бастамашыға қайтарылады.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен мақұлданған заң он күннің 
ішінде Президенттің қол қоюына беріледі. Егер Сенат заңды тұтастай немесе оның 
жекелеген баптарын мақұлдамаса, онда заң Мәжіліске қайтарылады. Бұл ретте Сенат 
Мәжіліске заңның жекелеген баптарының редакциясын ұсынуға құқылы.
Егер Сенат алпыс күннің ішінде тиісті шешім қабылдамаған жағдайда, заң 
Президенттің қол қоюына беріледі.
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
5-
тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

5. Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына 
депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен келіссе, Мәжіліс заңды жаңа 
редакцияда қабылдаған және Сенат мақұлдаған болып есептеледі және он күннің ішінде 
Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер Мәжіліс заңның жекелеген баптарының Сенат ұсынған редакциясына сол 
көпшілік дауыспен қарсылық білдірсе, сондай
-
ақ егер Сенат заңды тұтастай мақұлдамаған 
жағдайда, Палаталар арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Заңның келісу комиссиясы тұжырымдаған редакциясы осы баптың 4
-
тармағында 
белгіленген тәртіппен Мәжілістің және Сенаттың қарауына жатады.
Мәжіліс келісу комиссиясы ұсынған редакциядағы заңды Палата депутаттары жалпы 
санының көпшілік даусымен қабылдамаған жағдайларда, Мәжіліс бұрын қабылданған 
редакциядағы заң бойынша қайтадан дауысқа салуды жүргізеді.
Егер қайтадан дауысқа салу кезінде Мәжіліс Палата депутаттары жалпы санының 
үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді бекітсе, заң он күннің 
ішінде Президенттің қол қоюына беріледі.
Егер заң Мәжіліс депутаттарының көрсетілген көпшілік даусын алмаса, заң 
қабылданбады деп есептеледі және бастамашыға қайтарылады.
5-
1. 2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
 
алып тасталды 
(2022 ж. 22.06 республикалық 
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама 
жарияланды) (
бұр.ред.қара

2007.21.05. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет