1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан
Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат
пен Мәжілістiң қаулылары
түрiнде заң актілерін қабылдайды.
2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы
санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата
депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен
екiсiнiң көпшiлiк даусымен
қабылданады.
2022 ж. 08.06. ҚР
Заңымен
5-
тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 22.06 республикалық
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама
жарияланды) (
бұр.ред.қара
)
5. Егер Конституцияда
өзгеше көзделмесе,
Палаталар депутаттарының жалпы
санының көпшілік даусымен заңдарды Мәжіліс қабылдайды, Сенат мақұлдайды.
Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Парламенттің және оның Палаталарының
қаулылары Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
2007.21.05.
Достарыңызбен бөлісу: