Ќазаќстан республикасы премьер-министрініѕ кеѕсесі



Дата08.02.2022
өлшемі124 Kb.
#130986
Байланысты:
Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы






Мектеп директорына

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу туралы

«Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сізге, «№19 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2022 жылы 7 ақпандағы №96 санды хатына сай төмендегіні хабарлайды.


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 11.01.2022 жылғы Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі отырысында Үкіметке нақты тапсырмалар беріліп, «Техникалық мамандықтарға басымдық беру қажет», «Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайларды жедел түзетуіміз керек»- деп жастардың болашағына үлкен үміт артып отырғандығын жеткізген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.11.2018 жылғы № 746 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асыруда облыс, аудан әкімдіктері тарапынан жұмыстарды белсенді атқару қажеттілігіне байланысты 2022 жылы аталған тапсырманың маңыздылығына орай колледждерге тегін гранттар берілу жоспарлануда.
Осыған орай, аудан әкімдігі мен адами әлеуетті дамыту бөлімі және №19 колледж, аудандық жұмыспен қамту, кәсіпкерлік палата бөлімдерімен бірлесіп мобильдік комиссия тобы құрылып, ауыл әкімдіктері мен мектептер бойынша кәсіптік білім алуға ниет білдірген оқушылар мен жастарды республикалық бюджет есебінен тегін оқыту көзделіп отырғандықтарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті мамандықтарға баулуға шақыру жұмыстары жоспарлануда.
Жоғарыда берілген тапсырмалардың маңыздылығын ескеріп, өзіңіз басшылық жасап отырған білім ұйымындағы 9 сыныпты бітіретіндердің ішінде кәсіби техникалық мамандық алуға ниет білдірген оқушылар мен ата-аналарға қолдау көрсетіп, №19 колледжге кәсіби бағыт-бағдар жұмыстарын жүргізу үшін мәліметтер беруіңізді сұранады.
Адами әлеуетті дамыту
бөлімінің басшысы А.Құлымбет


?:Е.Бөрібек
(:8(725-48) 2-15-52



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет