Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет44/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk

77-
бап
1. Судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана 
бағынады. 
2. Сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі соттың қызметiне қандай да болсын араласуға 
жол берiлмейдi, және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер 
бойынша судьялар есеп бермейдi. 
3. Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi басшылыққа алуға тиiс: 
1) адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған 
қылмысқа
кiнәлi емес деп есептеледi; 
2) бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк 
жауапқа тартуға болмайды; 
3) өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келісімiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне 
болмайды; 
4) сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы; 
5) жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер 
жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер 
құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса 
немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады; 
6) айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес; 
7) ешкiм өзiне
-
өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын 
туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын
ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес; 
8) адамның кiнәлi екендiгi жөніндегі кез келген күдiк айыпталушының пайдасына 
қарастырылады; 
9) заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке 
мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес; 
30 


10) Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi. 
4. Конституциямен белгiленген сот төрелiгiнiң принциптерi Республиканың барлық 
соттары мен судьяларына ортақ және бiрыңғай болып табылады. 
ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. № 2/2; 20.12.00 ж. № 21/2 қаулысымен 
берілген түсініктемені қараңыз 
 
2022 ж. 08.06. ҚР 
Заңымен
 78-
бап өзгертілді (2022 ж. 22.06 республикалық референдумда 
қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама жарияланды) 
(
бұр.ред.қара



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет