Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз



Pdf көрінісі
бет45/56
Дата04.12.2023
өлшемі443,26 Kb.
#194994
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
Конституция Kk

78-
бап
Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi 
қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк 
құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi 
конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Сотқа
жүгiнуге 
мiндеттi.
79-
бап
1. Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен және 
заңмен қорғалады. Судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана 
тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн. 
2. 
Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгiленетiн 
әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр 
қылмыс 
жасаған
 
реттердi қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына 
негiзделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiнсiз не Конституцияның 
55-
бабының 3)
-
тармақшасында
 
белгiленген жағдайда, Сенаттың келісімiнсiз қылмыстық 
жауапқа тартуға болмайды. 
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР 
Заңымен
 3-
тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда 
айқындалады.
4. Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге 
шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, 
кәсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе 
байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
80-
бап
Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық 
бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi және ол сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге 
асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
2017 ж. 10.03. № 51-VI ҚР 
Заңымен
 81-
бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет