Конституцияның
42-
бабы 5
-
тармағының
ережесі Конституцияның осы нормасы
күшіне енгеннен кейін өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша
Республика Президенті болып сайланған адамдарға қолданылатын болады.
ҚР 07.10.98 ж. № 284-1
Заңымен
95-
бап өзгертілді
95-
бап
1. Бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзiмге,
депутаттардың екiншi жартысы екi жыл мерзiмге
конституциялық заңмен
белгiленген
тәртiппен сайланады.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжілісi депутаттарын
партиялық тiзiмдер негiзiнде сайлау туралы ережелерi екiншi шақырылатын Парламент
Мәжілісi депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады.
96-
бап
Конституция күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi онда белгiленген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құқықтарына, мiндеттерi
мен жауапкершiлiгiне ие болады.
97-
бап
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң бiрiншi құрамы былайша
құрылады: Республика Президентi, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент
Мәжілісiнiң Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден үш жыл
мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден алты жыл мерзiмге
тағайындайды, Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл
мерзiмге тағайындайды.
98-
бап
1. Конституцияда көзделген сот төрелiгi мен тергеу органдары тиiстi заңдарда
көзделген тәртiп пен мерзiмде құрылады. Олар құрылғанға дейiн жұмыс iстеп тұрған сот
төрелiгi мен тергеу органдары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Жоғары Төрелiк Сотының,
жергiлiктi соттардың судьялары Конституцияда көзделген соттар құрылғанға
дейiн өз
өкiлеттiктерiн сақтайды. Судьялардың бос орындары Конституцияда белгiленген
тәртiппен толықтырылады.
2022 ж. 08.06. ҚР
Заңымен
99-
баппен толықтырылды (2022 ж. 22.06 республикалық
референдумда қабылданды, 2022 ж. 08.06. нәтижелер туралы ресми хабарлама
жарияланды) (
бұр.ред.қара
)
Достарыңызбен бөлісу: